Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1362

Қаулы · № 1141 · қабылданған 28.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2004-n-1362-ekb-35932/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1362 Күшін жойған Қаулы ·№ 1141 ·28.11.2007
26.01.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1362

Күшін жойған Қаулы ·№ 1141 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 1362
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1141
Қабылданған күні
28.11.2007
Көрсетілген редакция
26.01.2009 AI35932_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001141_
ЭКБ идентификаторы
35932
Редакция идентификаторы
AI35932_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:45

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
2 "Қорғаныс" функционалдық тобында:
01 "Әскери мұқтаждар" кіші функциясында:
208 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 006 "Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"006 Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу";
7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
"049 "Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту
050 "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту
051 Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ға кредит беру";
11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
02 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" кіші функциясында:
272 "Облыстың сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
"002 Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу";
шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:
110 "Жалақы" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:
"115 Алқабилердің жалақысы";
150 "Басқа да ағымдағы шығындар" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:
"154 Алқабилердің ел ішіндегі іссапарлары".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы