Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"

Бұйрық · № 176 · қабылданған 27.09.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2004-n-168-ekb-35426/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета" Күшін жойған Бұйрық ·№ 176 ·27.09.2007
22.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 176 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"
Атауы (қаз.)
"Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
176
Қабылданған күні
27.09.2007
Көрсетілген редакция
22.12.2008 AI35426_2.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004971_
ЭКБ идентификаторы
35426
Редакция идентификаторы
AI35426_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:02

0 "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

------------------ Бұйрықтан үзінді -----------------
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
3. ...
4. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрінің
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
N 265 бұйрығына 3-қосымша
1. ...
.........
7. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 176 Бұйрығы.
8. ...
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 1 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 118 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4353 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 77 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4684 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 121 бұйрығымен - Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4810 болып тіркелген бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3310 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында :
"Жалақы" деген 110-сыныпшада:
"Негізгі жалақы" деген 111-ерекшелік бойынша:
"Шығындардың тізбесі" деген бағанда:
""Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасы кодексінің 131-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қосымша ақшалай төлемдер" деген 112-ерекшелік бойынша:
"Шығындардың тізбесі" деген бағанда:
""Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес мерзімінен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасы кодексінің 127, 128 және 129-баптарына сәйкес мерзімінен тыс жұмыстарға, түнгі уақыттағы мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға" деген сөздермен ауыстырылсын";
"Өтемақы төлемдері" деген 113-ерекшелік бойынша:
"Шығындардың тізбесі" деген бағанда:
"мемлекеттік қызметшілерге берілетін шығу жәрдемақысы;" деген сөздерден кейін "судьялардың қызметтен кету кезіндегі біржолғы шығу жәрдемақысы" деген сөздермен толықтырылсын;
""Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес орташа айлық жалақы мөлшеріндегі өтемақы" деген сөздер ""Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасы кодексінің 157-бабына сәйкес жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" деген 140-сыныпшада:
"Ғимараттарды, үй-жайларды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды жөндеу" деген 146-ерекшелік бойынша:
"Анықтама" деген бағанда "бір бірлігінің құны 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және қызмет уақыты бір жылға дейін" деген сөздер алынып тасталсын.

2 2. Әдіснама тиімділікті бағалау және функционалдық талдау департаменті (М. Боранғалиева) Заң басқармасымен (Д. Ешімова) бірлесіп, осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы