О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 461 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов о дебиторской задолженности государственных учреждений"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 461 "Об утверждении Правил составления и представления отчетов о дебиторской задолженности государственных учреждений"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына өзгерістр енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 04.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2008 AI24016_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003638_
- ЭКБ идентификаторы
- 24016
- Редакция идентификаторы
- AI24016_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:46
0 "Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына өзгерістр енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 461 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3368 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесінде:
9-тармақтың он бірінші абзацындағы "өткен жылдардың дебиторлық берешегі есебінде ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" деген сөздер "өзге негіздер бойынша (сот шешімдері бойынша есептен шығарылған ағымдағы жылда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен және басқа) өтелген дебиторлық берешек" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың үшінші абзацындағы "5 және 6-баған" деген сөздер "4 және 5-баған, олар бір бағдарламалық қамтамасыз ету анықталған кодтармен толтырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
9-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 2-қосымшасында:
10-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 3-қосымшасында:
8-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 4-қосымшасында:
9-бағанда "тауарлар (жұмыстар, қызметтер) алынды" деген сөздер "өзге негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.