О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 декабря 2004 года № 02-01-02/138 "Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственной службы при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 декабря 2004 года № 02-01-02/138 "Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственной службы при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02-01-02104
- Қабылданған күні
- 05.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2011 AI25083_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003794_
- ЭКБ идентификаторы
- 25083
- Редакция идентификаторы
- AI25083_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:28
0
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011.05.17 N 02-01-02/96 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 1583 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерін тіркеудің Мемлекеттік тізілімінде N 3339 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/35 бұйрығымен өзгерістер енгізілген - N 3549 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1 тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, басқа білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесінде:
тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 1, 2-қосымшаларында "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.