О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 декабря 2004 года № 02-01-02/138 "Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 декабря 2004 года № 02-01-02/138 "Об утверждении Правил организации переподготовки и повышения квалификации государственных служащих Республики Казахстан в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, региональных центрах переподготовки и повышения квалификации государственных служащих, других организациях образования"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02-01-02/127
- Қабылданған күні
- 22.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2011 AI47142_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005736_
- ЭКБ идентификаторы
- 47142
- Редакция идентификаторы
- AI47142_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:43
0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті 2007 жылдың 28 желтоқсандағы N 501 "Мемлекеттік қызметшілердің лауазымын оңтайландыру бойынша шаралар туралы" Жарлығының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3339 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/35 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 3549 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылдың 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына толықтыруды енгізу туралы" бұйрықтарымен енгізілген, өзгерістер мен толықтырумен қоса, 2005 жылдың 5 тамызындағы N 02-01-02/104 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 02-01-02/138 бұйрығына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 18 тамызында N 3794 тіркелген) өзгертулерді енгізу туралы бұйрығымен мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақтың екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталықтарда C-O-3 - C-O-6, C-R-2-C-R-5, D-4-D-5, D-О-3-D-O-6, E-3-E-5, E-R-2-E-R-5, E-G-1-E-G-4 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.";
5-тармақтың екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталықтарда C-O-3 - C-O-7, C-R-2 - C-R-6, D-4 - D-6, D-О-3 - D-O-7, E-3 - E-6, E-R-2 - E-R-6, E-G-1 - E-G-5 санаттарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қайта даярлау жүзеге асырылады.".