Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 24 июня 2004 года № 274-ОД "Об утверждении Правил самостоятельного применения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию"

Бұйрық · № 77-ОД · қабылданған 11.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2004-no-274/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 24 июня 2004 года № 274-ОД "Об утверждении Правил самостоятельного применения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию" Күшін жойған Бұйрық ·№ 77-ОД ·11.03.2005
22.01.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 24 июня 2004 года № 274-ОД "Об утверждении Правил самостоятельного применения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 77-ОД · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 24 июня 2004 года № 274-ОД "Об утверждении Правил самостоятельного применения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на услуги аэропортов и аэронавигации, подлежащие государственному регулированию"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
77-ОД
Қабылданған күні
11.03.2005
Көрсетілген редакция
22.01.2018 23697_300615.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003526_
ЭКБ идентификаторы
23697
Редакция идентификаторы
23697_300615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:02

0

"Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1

1. "Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 274-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2981 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) тақырыпта және 1-тармақта "Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің" деген сөздер "Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін дербес қолдану ережесінде:

тақырыпта және барлық мәтін бойынша "мемлекеттік реттеуге жататын әуежайлар мен аэронавигация қызметтерінің" деген сөздер "әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
төртінші, алтыншы және жетінші абзацтардағы "қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі", "қызметтердің толық өзіндік құны", "қызметтің толық өзіндік құнына" деген сөздердің алдынан тиісінше "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әуе кемелерін пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"уәкілетті орган - белгіленген құзырет шегінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметтерді бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган.";
5-тармақтың 1) тармақшасында "қызмет көрсетудің жоспарланған нақты тұтыну көлемі", "қызметтерді нақты тұтыну көлемінен" деген сөздердің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта "қызметтерге" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта "қызметін" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта "реттелетін" деген сөз "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта "қызметіне тарифті (бағаны, алым ставкасын)" деген сөздердің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта "белгілеу жөніндегі" сөздер "бекіту үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 2-қосымшасында:
"қызметтерінің" деген сөздің алдынан "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ереженің 3-қосымшасында:
"қызметін нақты тұтыну көлемі", "қызметін тұтыну көлемі", "қызметті тұтынудың өсу қарқыны" деген сөздердің алдынан тиісінше "реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М. Жұмабаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет):

1 1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, әуежайлар мен аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
2005 жылғы 18 наурыз

Қолданыстағы