О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 мая 2004 года № 454 "Об утверждении Инструкции по организации подготовки и издания учебной литературы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 мая 2004 года № 454 "Об утверждении Инструкции по организации подготовки и издания учебной литературы"
- Атауы (қаз.)
- "Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 454 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 10.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2008 AI29226_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004333_
- ЭКБ идентификаторы
- 29226
- Редакция идентификаторы
- AI29226_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:09
0 "Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 454 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1.»"Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 454 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2883 болып тіркелген, 2005 жылғы 12 тамыздағы N 83-84»"Заң газетінде" жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 44 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгертулермен қоса, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4080 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 76-77»"Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"оқулық - оқу пәні, оның бөлімдері, бөліктері жүйелі түрде мазмұндалатын үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы басылымның түрі ретінде ресми бекітілген оқытуға арналған кітап";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.";
3-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының білім аясындағы (бұдан әрі - орталық атқарушы орган)" сөздер алынып тасталсын;
7-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Орталық атқарушы орган сараптама нәтижелері бойынша оқу әдебиетіне»"Жіберілген»(ұсынылған)" деген гриф береді және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінде пайдалануға жіберілген оқу әдебиеттерінің тізбесін бекітеді.";
13-тармақта»"алқа шешімі" деген сөздер»"сараптаманың қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта»"Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, орталық атқарушы орган анықтаған ұйымдар жүзеге асырады" деген сөздер»"Оқулық»республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын.