Об утверждении Протокола о внесении изменения в Соглашение об основах гармонизации технических регламентов государств-членов Евразийского экономического сообщества от 24 марта 2005 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Протокола о внесении изменения в Соглашение об основах гармонизации технических регламентов государств-членов Евразийского экономического сообщества от 24 марта 2005 года
- Атауы (қаз.)
- 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 401
- Қабылданған күні
- 25.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2014 AI45159_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000401_
- ЭКБ идентификаторы
- 45159
- Редакция идентификаторы
- AI45159_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:32
0 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мәскеу қаласында 2008 жылғы 12 желтоқсанда жасалған 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 наурыздағы
N 401 қаулысымен
бекітілген
2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
2005 жылғы 24 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің техникалық регламенттерін үйлестіру негіздері туралы келісімнің 3-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
4 "4. ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламентін әзірлеу тәртібі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің шешімімен бекітіледі".
2 2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол депозитарий болып табыла отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь Қазақстан Қырғыз
Республикасының Республикасының Республикасының
Үкіметі Үкіметі Үкіметі
үшін үшін үшін
Ресей Тәжікстан
Федерациясының Республикасының
Үкіметі Үкіметі
үшін үшін