О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкента от 24 марта 2006 года N 27/239-3с "О правилах застройки территории города Шымкента"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Шымкента от 24 марта 2006 года N 27/239-3с "О правилах застройки территории города Шымкента"
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 27/239-3с "Шымкент қаласының аумағындағы құрылыс жүргізу Қағидасы туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/163-4c
- Қабылданған күні
- 23.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2010 43879_216969.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08UA000087
- ЭКБ идентификаторы
- 43879
- Редакция идентификаторы
- 43879_216969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:18
0 Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 27/239-3с "Шымкент қаласының аумағындағы құрылыс жүргізу Қағидасы туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Шымкент қаласының аумағындағы құрылыс жүргізу Қағидасы туралы Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылдың 24 наурыздағы N 27/239-3с (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-27 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 14 сәуірінде "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған, қалалық мәслихаттың 14.04.2008ж. N 9/80-4с Шымкент қалалық мәслихатының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 27/239-3с "Шымкент қаласының аумағындағы құрылыс жүргізудің Қағидасы туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-75 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 30 мамырында "Шымкент келбеті" газетінің 22 нөмірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 9-1 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын;
9-1) Өтiнiште: жер телімін пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, өтініш білдірушілердің реквизиттері (мекен жайы,телефоны көрсетілумен, басқа жер телімдерінің (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабы 2-тармағында аталған жер телімдері бойынша) болуы (болмауы) көрсетілуі тиіс.
Пайдалы қазбалар шығарылатын жағдайда өтiнiмге жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың көшiрмесi қоса берiледі.
9-2) тармағында "мүдделі тұлғаның арызын (қолдаухатын) тіркейді және" деген сөздерден кейін "нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған жағдайларда" деген сөздерімен толықтырылсын.
9-5) тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: Объекті құрылысын салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау алдын ала жүргізіледі, оны Шымкент қаласы әкімдігі құраған арнаулы комиссия жүзеге асырады.
Объект құрылысын салу үшін, жер телімдерін таңдау нәтижесі ал қажет болған жағдайларда және оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін, Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімімен жер телімдерін таңдау туралы актісімен рәсімделеді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі.
9-6) тармағында "жер учаскесі бойынша құжаттарды" деген сөздерден кейін "жер учаскесiн таңдау актiлерi және жер учаскесi шекарасының жобалары және өзге де құжаттар" деген сөздермен толықтырылсын.
9-13) тармағында "қол қойылу үшін жолдайды" деген сөздерден кейін "белгіленген төлем ақы жасалғаннан соң" деген сөздерімен толықтырылсын;