О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 24 марта 2006 года № 28-6 "Об утверждении стоимости разового талона, ставок по отдельным видам платежей"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 24 марта 2006 года № 28-6 "Об утверждении стоимости разового талона, ставок по отдельным видам платежей"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 желтоқсандағы № 28-6 "Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-13
- Қабылданған күні
- 28.03.2008
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2009 39534_205677.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SI000074
- ЭКБ идентификаторы
- 39534
- Редакция идентификаторы
- 39534_205677
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:46
0 Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 желтоқсандағы N 28-6 "Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы «Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңыесепке алынған Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373-бабының 2-тармағына, 391-бабының 1-тармағына және 394-бабына сәйкес, 2008 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер бөлігін орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыздағы № 28-6 «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» (мемлекеттік тізілімде № 13-9-25 2006 жылғы 17 сәуір тіркелген, аудандық «Вести» газетінде 2006 жылғы 28 шілдедегі № 30, 2006 жылғы 4 тамыздағы № 31 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы № 28-6 «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне берілген 1-қосымшада «Мағжан Жұмабаев ауданының әрекеттегі нарығында тауар сатумен айналысатын тұлғалар үшін, күн сайынғы сауда үшін айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) бір жолғы талондардың ставкалары» таблицасында:
2-жолда - «Тұрақты тұрғын жайдағы саудадан басқа азық-түлік өнімін бөлшектеп сату» - «Ставкалар» бағанында «13,6» саны «23,5» санымен ауыстырылсын;
3-жолда - «Тұрақты тұрғын жайдағы саудадан басқа күнделікті тұрмысқа қажет тауарларды бөлшектеп сату» - «Ставкалар» бағанында «9,7» саны «11,1» санымен ауыстырылсын.
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 24 наурыздағы № 28-6 «Жиындар мен төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды, бір жолғы талондар құнын бекіту туралы» шешіміне берілген «Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкалары» 3-қосымшасында
7-жолда «Бильярд - әр үстел» «Тіркелген жиынтық салықтың ставкалары» бағанында «108,6» саны «250» санымен ауыстырылсын.