Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 апреля 2007 года 123-п "Об утверждении Правил согласования программ производственного экологического контроля и требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля"

Бұйрық · № 228-ө · қабылданған 25.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2007-123/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 апреля 2007 года 123-п "Об утверждении Правил согласования программ производственного экологического контроля и требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля" Күшін жойған Бұйрық ·№ 228-ө ·25.08.2010
14.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 апреля 2007 года 123-п "Об утверждении Правил согласования программ производственного экологического контроля и требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 228-ө · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 апреля 2007 года 123-п "Об утверждении Правил согласования программ производственного экологического контроля и требований к отчетности по результатам производственного экологического контроля"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө "Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды келісу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
228-ө
Қабылданған күні
25.08.2010
Көрсетілген редакция
14.02.2013 AI54584_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V100006474_
ЭКБ идентификаторы
54584
Редакция идентификаторы
AI54584_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:29

0

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө "Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды келісу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар рәсімін оңтайландыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды келісу ережелерін бекіту туралы» бұйрығына(нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4714 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылдың 1 тамызындағы № 116 (1319) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесінде:
3 және 4 тармақтар келесі редакцияда баяндалсын:
«3. І, II, III санатты нысандары бар табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға жүгінеді.
4. Табиғатты пайдаланушымен әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы рұқсат беруші органға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға өтінім бергенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарда келісіледі.
Сонымен қатар, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен артық емес.»;
6 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есеп ереженің қосымшасында көрсетілген нысанда ұсынылады.»;
8 тармақта:
«қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 тармақта:
«10» санынан кейін «жұмыс» сөзі толықтырылсын;
келесі мәтіндегі абзацтармен толықтырылсын:
«қалдықтар мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
жердің ластану деңгейінің мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
радиациялық мониторинг бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
санитарлық-қорғау аймағының шеңберінде әсер ету мониторингі (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы) бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады.»;
барлық мәтін бойынша «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен» сөздері «аумақтық орган», «аумақтық органмен» сөздерімен ауыстырылсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы С.Х. Мұташевқа жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп нысаны

ҚР Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2010 жылғы
25 тамыздағы № 228-ө
бұйрығына қосымша
Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламалары мен өндірістік
экологиялық бақылау нәтижелері
бойынша есеп беруге қойылатын
талаптарды келісу
ережесіне қосымша
Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп нысаны
1 кесте
1. Жалпы мәлімет
№ р/н
Өн­ді­рі­стік ны­сан­ның ата­уы (ор­на­лас­қан же­рі)
Өн­ді­рі­стік үде­рі­стің қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Өн­ді­рі­стік эко­ло­ги­я­лық ба­қы­лау жи­і­лі­гі
1
2
3
4
2 кесте
2. Зертхана туралы мәлімет
№ р/н
Ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның ата­уы
Ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы ат­те­ста­ты­ның нө­мі­рі және мер­зі­мі
Ак­кре­дит­тел­ген сы­нақ зерт­ха­на­сы­ның ауда­ны
1
2
3
4
3 кесте
3. Эмиссия мониторингі 3.1. Атмосфералық ауа
Шы­ға­рын­ды кө­зі­нің ата­уы (шы­ға­рын­ды кө­зі­нің нө­мі­рі)
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Бе­кі­ті­л­ген мөл­шер (г/с; т/жыл)
Мо­ни­то­ринг­тің шы­найы нәти­же­сі (г/сек; т/кв.; т/жыл)
Мөл­шер­ден асуы неме­се сақ­та­луы (ШЖБШ)
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.2. Су ресурстары
Әсер ету көз­де­рі­нің ата­уы (ба­қы­лау нүк­те­ле­рі)
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Бе­кі­ті­л­ген мөл­шер (мг/дм3; т/жыл)
Мо­ни­то­ринг­тің шы­найы нәти­же­сі (мг/дм3; т/кв.; т/жыл)
Мөл­шер­ден асуы неме­се сақ­та­луы (ШЖ­БТ)
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Қал­дық­тар­ды сақ­тау және кө­му ор­ны­ның ата­уы (ор­на­лас­қан же­рі)
Қал­дық­тар­дың түр­ле­рі
Қа­уіп­ті­лік дең­гейі
Эмис­сия мөл­ше­рі (т/кв.; т/г.)
Шы­найы (т/кв.; т/г.)
Қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі
Әсер ету кө­зі­нің ата­уы (ба­қы­лау нүк­те­ле­рі)
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Бе­кі­ті­л­ген мөл­шер (мг/кг)
Мо­ни­то­ринг­тің шы­найы нәти­же­сі (мг/кг)
Мөл­шер­ден асуы неме­се сақ­та­луы (ШЖБК, фон)
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
6
3.5. Радиациялық мониторинг
Әсер ету кө­зі­нің ата­уы (ба­қы­лау нүк­те­ле­рі)
Бе­кі­ті­л­ген мөл­шер (мк3в/с)
Мо­ни­то­ринг­тің шы­найы нәти­же­сі (мк3в/с)
Мөл­шер­ден асуы неме­се сақ­та­луы (НРБ 99)
Заң бұ­зу­шы­лық­ты жою бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1
2
3
4
5
4 кесте
4. Санитарлық-қорғау аймағы шеңберінде әсер ету мониторингі 4.1. Атмосфералық ауа
Сы­на­ма­лар алы­на­тын нүк­те
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Шы­найы кон­цен­тра­ция
ШЖБШ мөл­ше­рі м.р., мг/м3
ШЖБШ жо­ға­ры­ла­уы қы­сқа­ша
Заң бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою және эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс
1
2
3
4
5
6
4.2. Су ресурстары
Сы­на­ма­лар алы­на­тын нүк­те
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Шы­найы кон­цен­тра­ция
ШЖБШ мөл­ше­рі мг/л
ШЖБШ жо­ға­ры­ла­уы қы­сқа­ша
Заң бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою және эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс
1
2
3
4
5
6
4.3. Топырақ жамылғысы
Сы­на­ма­лар алы­на­тын нүк­те
Ла­ста­у­шы заттар­дың ата­уы
Шы­найы кон­цен­тра­ция
ШЖБШ мөл­ше­рі мг/кг
ШЖБШ жо­ға­ры­ла­уы қы­сқа­ша
Заң бұ­зу­шы­лық­тар­ды жою және эко­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс
1
2
3
4
5
6
Ескерту: * бақылаудың жоспар-кестесіне сәйкес;
** ағымдағы жылы мониторингтің шынайы көрсеткіштері жарты
жылдық және жылдық болып толтырылады.

Қолданыстағы