Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 «Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования»

Қаулы · № 871 · қабылданған 24.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2007-no-1270-ekb-127513/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 «Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования» Күшін жойған Қаулы ·№ 871 ·24.12.2018
07.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 «Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 871 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 «Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
871
Қабылданған күні
24.12.2018
Көрсетілген редакция
07.04.2021 127513_521052.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000871
ЭКБ идентификаторы
127513
Редакция идентификаторы
127513_521052
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:54

0 «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24
желтоқсандағы
№ 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбындағы «ережесін» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «ережесі» деген сөз «қағидалары» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:
тақырыбындағы «ережесі» деген сөз «қағидалары» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтағы «ережесі» деген сөз «қағидалары» деген сөзбен және «Ереже» деген сөз «Қағидалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау кадрларды даярлау бағыттары бойынша да жүзеге асырылады.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі»;
13-тармақтағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бітіруші курстардың (олар болмаған жағдайда – жоғарғы курстардың) білім алушыларының білімі мен іскерлігін тексеру үшін әскери, арнаулы оқу орындарында – қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
26-тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорытынды осы Қағидалардың 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден тұрады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы орта білім беру ұйымдары үшін); кадрларды даярлау бағыттарын аттестаттау; сауалнама нәтижелері; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі – бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар.»;
30-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары мен кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар.»;
33-тармақтағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы, он бесінші, он сегізінші, жиырма бірінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының 1-тармағының оныншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар және кадрларды даярлау бағыттары бойынша да жүзеге асырылады.».

4 4. Осы қаулының 1-тармағының он бесінші абзацының қолданысы

2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Бітіруші курстардың (олар болмаған жағдайда – жоғарғы курстардың) білім алушыларының білімі мен іскерлігін тексеру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттері және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктері, әскери, арнаулы оқу орындарында – қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.».

5 5. Осы қаулының 1-тармағының он сегізінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Қорытынды осы Қағидалардың 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден тұрады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін); мамандықтарды немесе кадрларды даярлау бағыттарын аттестаттау; сауалнама нәтижелері; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі – бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар.».

6 6. Осы қаулының 1-тармағының жиырма бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары, мамандықтар немесе кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер;».

7 7. Осы қаулының 1-тармағының жиырма үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, аталған абзац тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«6) мамандықтар немесе кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар.».

Қолданыстағы