Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 "Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования"

Қаулы · № 265 · қабылданған 28.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2007-no-1270-ekb-63678/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 "Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования" Күшін жойған Қаулы ·№ 265 ·28.02.2012
07.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 "Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования"

Күшін жойған Қаулы ·№ 265 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2007 года № 1270 "Об утверждении Правил государственной аттестации организаций образования"
Атауы (қаз.)
"Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
265
Қабылданған күні
28.02.2012
Көрсетілген редакция
07.04.2021 63678_521042.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000265
ЭКБ идентификаторы
63678
Редакция идентификаторы
63678_521042
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:56

0 "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің; арнайы және мамандандырылған білім берудің; балаларға арналған қосымша білім берудің; спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім берудің; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда) оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) білім беру саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде) уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті органдар), өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кестелерін күнтізбелік жылға бекіту;»;
5-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Білім беру ұйымдарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау тұтастай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде де жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірмей;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;».

2 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы