Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 мая 2007 года № 160-п "Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью должностных лиц местных исполнительных органов в области экологической экспертизы"

Бұйрық · № 236-Ө · қабылданған 05.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2007-no-160-ekb-48895/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 мая 2007 года № 160-п "Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью должностных лиц местных исполнительных органов в области экологической экспертизы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 236-Ө ·05.11.2009
01.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 мая 2007 года № 160-п "Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью должностных лиц местных исполнительных органов в области экологической экспертизы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 236-Ө · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 24 мая 2007 года № 160-п "Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью должностных лиц местных исполнительных органов в области экологической экспертизы"
Атауы (қаз.)
"Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 160-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236-Ө
Қабылданған күні
05.11.2009
Көрсетілген редакция
01.02.2012 AI48895_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005875_
ЭКБ идентификаторы
48895
Редакция идентификаторы
AI48895_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:05

0 "Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 160-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Экологиялық сараптама саласында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 160-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген N 4740, 2007 жылғы 3 тамыздағы N 118 (1321) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтеріне бақылау жүргізу Ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
атауында және 1-тармақтағы "мемлекеттік" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша "Аумақтық басқармалар", "Аумақтық басқармаларға", "Аумақтық басқарманың", "Аумақтық басқарма", "Аумақтық басқармалармен" деген сөздер "Аумақтық бөлімшелер", "Аумақтық бөлімшелерге", "Аумақтық бөлімшенің", "Аумақтық бөлімше", "Аумақтық бөлімшелермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын, "лауазымды тұлғалар" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын, "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша "Министрлікке", "Министрліктің", "Министрлік", "Министрлігінде" деген сөздер "уәкілетті органға", "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық сарапшысымен келісу бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтағы "лауазымды тұлғаларды" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын:
"8. Жергілікті органдардың сараптау бөлімшелерінің сарапшылары II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырады және жүргізеді.";
10-тармақтағы "лауазымды тұлғаларды" деген сөздер алынып тасталсын, "Аумақтық басқармалардың сараптау бөлімшелері (экологиялық сараптама бөлімдері)" деген сөздер "Аумақтық бөлімшенің экологиялық реттеу бөлімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
"Құқықтық статистика органдарда тексерісті тіркеу қажет емес";
15-тармақтағы "мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімімен" деген сөздер "экологиялық реттеу бөлімімен" деген сөздермен ауыстырылсын, "лауазымды тұлғаларды" деген сөздер алынып тасталсын;
19-тармақтағы "(Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Бас мемлекеттік экологиялық сарапшылары)" деген сөздер алынып тасталсын;
20-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
Ереженің 2-қосымшасында:
бірінші кестенің "Кімге ұсынылады:" деген бағанындағы "Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің облыстық (қалалық) басқармасы" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-кестенің атауы "департаменттің" деген сөздерден кейін "/басқарманың" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы