О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 24 декабря 2007 года № 2083 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 24 декабря 2007 года № 2083 "Об организации оплачиваемых общественных работ на предприятиях и в организациях города Петропавловска"
- Атауы (қаз.)
- "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 2083 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1180
- Қабылданған күні
- 14.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2009 40828_203895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SA000121
- ЭКБ идентификаторы
- 40828
- Редакция идентификаторы
- 40828_203895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:06
0 "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 2083 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 231-І Заңының 28-бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі "Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы" № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 мамырдағы № 57 қаулысының 7-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қала әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 2083 қаулысына (2008 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген № 13-1-110, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 7 саны, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 6 саны) қаулыға енгізілген Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы "Петропавл қаласының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 2083 қаулысына өзгертулер енгізу туралы № 256 (2008 жылғы 26 наурыздағы № 13-1-114 мемлекеттік тіркелімде тіркелген, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 15 саны, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 14 саны) өзгертулермен, келесі өзгертулер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшерлері қосымшасында;
1 1) мына мазмұндағы 12 жолмен толықтырылсын:
"Кәсіпорынның атауы" бағаны "12. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Петропавл қаласы әкімдігінің "Жылжымайтын мүлікті түгендеу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" сөздерімен;
"Ай сайынғы жұмыс орындары" бағаны "20" санымен;
"Қоғамдық жұмыстардың түрлері" бағаны "Республикалық және өңірлік қоғамдық науқандар (халық санағын) өткізуге қатысу сөздерімен;
"Разряды" бағаны "G - 14";
"Коэффициенті" бағаны "1,43".