Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год»

Өзге акт · № 89 · қабылданған 22.07.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2007-no-41-2008-ekb-40824/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста 22.07.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год»

Қолданыста Өзге акт № 89 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение от 24 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год»
Атауы (қаз.)
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
89
Қабылданған күні
22.07.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2008
Көрсетілген редакция
22.07.2008 40824_349504.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NJ000098
ЭКБ идентификаторы
40824
Редакция идентификаторы
40824_349504
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:03
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы бюджеттік кодексінің 116-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, бұрын: «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 47 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-86, № 5 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 1 ақпанда жарияланған, "2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 80 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-96, № 19 «Житикаринские новости» газетінде 2008 жылғы 9 мамырда жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 1 951 617 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 932 574 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 3 740 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 500 мың теңге;
алынған трансферттер бойынша - 1 009 803 мың теңге, оның ішінде:
нысаналы ағымдағы трансферттер - 110 052 мың теңге,
дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 210 870 мың теңге;
2) шығындар - 2 002 599,3 мың теңге;
3) операциялық сальдо (теріс) - 50982,3 мың теңге;
4) тапшылық - 50982,3 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 50982,3 мың теңге, оның ішінде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен - 50982,3 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 4-тармағындағы:
«12624 мың теңге» саны мен сөзі «8477 мың теңге» саны мен сөзіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) 11 029 мың теңге - еңбек ақының ең төменгі мөлшерінің көбеюіне байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге;
14) 694 мың теңге - жоғары оқу орындарда оқу үшін тұрмысы нашар отбасылардағы мектеп түлектеріне материалдық көмекке»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.