О внесении изменения и дополнения в решение Шымкентского городского маслихата «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций» от 24 июля 2007 года № 41/413-3c
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Шымкентского городского маслихата «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций» от 24 июля 2007 года № 41/413-3c
- Атауы (қаз.)
- «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 41/413-3с шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46/331-5c
- Қабылданған күні
- 27.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2016 88664_113443.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UA003100
- ЭКБ идентификаторы
- 88664
- Редакция идентификаторы
- 88664_113443
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:52
0 «Бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы» Шымкент
қалалық мәслихатының 2007 жылғы
24 шілдедегі №41/413-3с шешіміне
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес және өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі №41/413-3с «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-1-59 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамызда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды Шымкент қаласында өткізу орны мекен жай бойынша: Шымкент қаласы Абай саябағының «Даңқ» мемориалы алдындағы алаңша, «Асбестоцемент комбинаты» акционерлік қоғамының алдындағы алаңша және «Наурыз» алаңы болып белгіленсін.»