О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 октября 2007 года № 506 «Об утверждении Типовых правил деятельности педагогического совета организаций технического и профессионального образования, послесреднего образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 октября 2007 года № 506 «Об утверждении Типовых правил деятельности педагогического совета организаций технического и профессионального образования, послесреднего образования»
- Атауы (қаз.)
- «Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 643
- Қабылданған күні
- 12.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2015 96327_52441.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012371
- ЭКБ идентификаторы
- 96327
- Редакция идентификаторы
- 96327_52441
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:38
0
«Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4993 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1213) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесі қызметінің үлгі ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) педагогтік кеңесі (бұдан әрі - педагогтік кеңес) қызметінің тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редацияда жазылсын:
«3. Білім беру ұйымының педагогтік кеңесінің құрамына: білім беру ұйымын басқарушылар құрамы, барлық оқытушылар мен оқу-көмекші персонал, сондай-ақ негізгі кәсіпорындардың, мекемелердің өкілдері, білім алушылар және ата-аналар жұртшылығының өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі кіреді.»;
5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Педагогтік кеңес жұмысын ұйымдастырудың тәртібі».