Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 24 сентября 2008 года N 374 "Об утверждении Правил определения страны происхождения товаров и выдачи сертификатов о происхождении товаров"

Бұйрық · № 27 · қабылданған 29.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2008-n-374/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 24 сентября 2008 года N 374 "Об утверждении Правил определения страны происхождения товаров и выдачи сертификатов о происхождении товаров" Күшін жойған Бұйрық ·№ 27 ·29.01.2009
11.03.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 24 сентября 2008 года N 374 "Об утверждении Правил определения страны происхождения товаров и выдачи сертификатов о происхождении товаров"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 27 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и торговли Республики Казахстан от 24 сентября 2008 года N 374 "Об утверждении Правил определения страны происхождения товаров и выдачи сертификатов о происхождении товаров"
Атауы (қаз.)
"Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
29.01.2009
Көрсетілген редакция
11.03.2009 AI43921_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005525_
ЭКБ идентификаторы
43921
Редакция идентификаторы
AI43921_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:54

0 "Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 "Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 5347 тіркелген, 2008 жылы 7 қарашада N 170 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Тауарлар шығарылған елді анықтау және тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттар беру ережелеріне:
1-бөлімнің 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігіне" деген сөздерден кейін "сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлардың қазақстанда шығарылғаны туралы сертификат алуға мүдделі шаруашылық субъектілеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бөлімде:
9-тармақта:
1) тармақшада "сондай-ақ мамандандырылған экономикалық аймақтардың аумақтарынан және Қазақстан Республикасының кедендік аумақтарының қалған бөлігіндегі бос қоймалардағы тауарларға" сөздері алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "СТ-КЗ" нысанды сертификат – мына тауарларға:
- жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкелінетін тауарларға;
- Қазақстан Республикасының аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға.";
10-тармақта:
бірінші абзацтағы "СТ-1", "А", "Түпнұсқа" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшада "СТ-1", "Түпнұсқа" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен және "СТ-1" нысанды тауардың шығарылуы туралы" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен толықтырылсын;
3-бөлімде:
14-тармақтың үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздер алынып тасталсын, "арнайы" деген сөздің алдына "Қазақстан Республикасының аумағында және" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы тармақтың 2) және 3)-тармақтарында көрсетілген құжаттар:
арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне тауарлар шығару;
Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлар шығарылған елді анықтау кезінде көрсетілмейді;
38-тармақта:
1) және 2) тармақшаларда "тіркелуі" сөзінен кейін "(қайта тіркелуі)" сөзімен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "Көлік құралдары және жүру бағдары" деген сөздерден кейін "(бұл қаншалықты белгілі)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы "Шығарылу өлшемі" деген сөзі "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
41-тармақтың 4)-тармақшасындағы " экспорт жүгімен қоса жүру (бұл қаншалықты белгілі " деген сөздер алып тасталсын;
4-бөлім мынадай мазмұндағы 41-1-тармағымен толықтырылсын:
"41-1. Осы Ережелердің 11-қосымшасына сәйкес "СТ-КЗ" нысанды сертификат мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында оның берген тауарлары туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-баған – "Тауарды өндіруші (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды өндіруші болып табылатын жеке және заңды тұлғаның атауы:
- жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландырылатын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес. Соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауар өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтардың және еркін қоймалардың атауы көрсетіледі;
- заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
2) 2-баған "Тауарды алушы (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды алушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның атауы:
- жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
- заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің почталық мекен-жайы көрсетіледі;
3) 3-баған - "Тауардың шығуы туралы сертификатты алу мақсаты". Тауардың шығарылуы туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
4) 4-баған – тауардың шығуы, оның пішіні туралы сертификаттың тіркеу нөмірі, сертификат берген ел (Қазақстан Республикасы);
5) 5-баған – "Қызметтік ескертулер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік ескертулері, сондай-ақ мынадай жазбалар: "Түпнұсқа", "Сертификаттың орнына берілді" - жазылады. Егер, тауарды алушы болған жағдайда тауарды өндіруші мен тауарды алушы арасында тауарды алуға арналған келісім-шарт көрсетіледі;
6) 6-баған – "Нөмір". Тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
7) 7-баған – "Орындар саны және орауыштың түрі". Тауар орауышының түрі (партиясы) және орындар саны көрсетіледі;
8) 8-баған – "Тауардың сипаты" - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір мәнде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер;
9) 9-баған – "Шығарылу өлшемдері". Мынадай тауарлардың шығарылу өлшемдері көрсетіледі:
П – Тауар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген. Егер, тауар Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен жағдайда белгіленеді және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға;
Д – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің соңғы өнім кодының алғашқы төрт цифрі көрсетіліп, жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен тауар;
К – шығарған елі кумулятивтік принцип негізінде анықталған тауар.
Егер сертификатта Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің әр түрлі тауарлық позицияларында жіктелген және әр түрлі шығарылу критерийлері бар тауарлар мәлімделсе, онда 9-бағанда шығарылу өлшемдері барлық мәлімделген тауарлар үшін дифференцияланып көрсетіледі.
10) 10-баған – "Жалпы/таза салмағы (кг)" тауардың салмақтық не сандық сипаттамалары; тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген сан арасындағы айырмашылық 5% аспауға тиіс;
11) 11-баған – "Куәлік". Уәкілетті мемлекеттік орган толтырады және ішіне атауы, мекенжайы, мөрі және сертификатта көрсетілген мәліметтердің куәландырылған күні, сондай-ақ сертификаттауды растауға уәкілетті тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні;
12) 12-баған – "Өтінім берушінің декларациясы". Тауардың шығарылған елдің атауы, тауардың шығарылған елі туралы мәліметтердің декларацияланған жері мен күні өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні, өтінім берушінің қолы мен мөрі.";
5-бөлімінің 42-тармағындағы "СТ-1" нысанды сертификаттың 5 бағандағы" деген сөздерден кейін "және СТ-КЗ" деген сөздермен толықтырылсын және "СТ-1 нысанды тауардың шығарылуы туралы сертификаттың 12-бағанында" деген сөздердің алдына "және СТ-КЗ" деген сөздермен толықтырылсын;
5-қосымшада:
3-бағанда "қоса жүру бағдары" деген сөздерден кейін "(бұл қаншалықты белгілі)" деген сөздермен толықтырылсын;
9-бағандағы "Шығарылу өлшемі" деген сөз "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-қосымшада:
9-бағандағы "Шығарылу өлшемі" деген сөз "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-қосымшада:
3-баған деген "means of transport and route (as far as known)" жаңа редакцияда жазылсын;
12-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Declaration by the export.
The undersigned hereby declares that the above details and
statements are correct that all the goods were
produced in_______________________________________________
(country)
and that they comply with the origin requirements specified
for those goods in the generalized system of preferences for goods exported to
________________________________________________________________
(importing country)
________________________________________________________________
Place and date signature of authorized signatory";
8-қосымшада:
12-бағанда:
"5" цифрінің алдына "N" белгісімен толықтырылсын;
"exported to" деген сөздерден кейін "authorized" деген сөз алып тасталсын;
9-қосымшада:
1-бағандағы ", ел" деген сөзден кейін ")" белгісімен толықтырылсын;
3-бағандағы "экспорт жүгімен қоса жүру" деген сөздер алып тасталсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;

2 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.Қ. Мамытбековке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Б. Жәмішев __________
2009 жылғы 29 қаңтар

0 "Тауардың шыққан елін айқындау

және тауардың шығуы туралы
сертификаттарды беру ережесін
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 24 қыркүйектегі
N 374 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы
Идустрия және сауда министрінің
бұйрығына қосымша
Тауардың шыққан елін айқындау
және тауардың шығуы туралы
сертификаттарды беру ережесіне
11-қосымша
1. Та­у­ар­ды өн­ді­ру­ші
(ата­уы және по­шта­лық ме­кен-жайы)
4. N __________________________
Та­у­ар­дың шы­ғуы ту­ра­лы
сер­ти­фи­кат
СТ-КZ ны­са­ны
______________________ бе­ріл­ді
(ел­дің ата­уы)
2. Та­у­ар­ды алушы
(ата­уы және по­шта­лық ме­кен-жайы)
5. Қыз­мет­тік ес­кер­ту­лер үшін
3. Та­у­ар­дың шы­ғуы ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­ты алу мақ­са­ты
6. Нө­мір
7. Орын­дар са­ны және орау тү­рі
8. Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
9.Шы­ға­ру өл­шем­де­рі
10. Ыдыс­ы­мен/та­за сал­ма­ғы (кг)
11. Ку­ә­лік:
Осы құ­жат бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің де­кла­ра­ци­я­сы шын­дық­қа сәй­кес ке­ле­ді
__________________________
Ата­уы
__________________________
Ме­кен-жайы
__________________________
Аты-жө­ні
__________________________
Қо­лы
__________________________
Кү­ні
Мө­рі
12. Өті­ніш бе­ру­ші­нің де­кла­ра­ци­я­сы:
Тө­мен­де қол қо­ю­шы­лар жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер шын­дық­қа сәй­кес ке­ле­ті­ніне, бар­лық та­у­ар­лар то­лы­ғы­мен
____________________________
(ел­дің ата­уы)
өн­ді­рі­л­ге­ніне және жет­кі­лік­ті өң­де­уден/қай­та өң­де­уден өт­ке­ніне және олар­дың бар­лы­ғы да осын­дай та­у­ар­лар­ға қа­ты­сты бел­гі­лен­ген шы­ға­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес екен­ді­гіне ке­піл бо­ла­ды.
________________ ___________
Аты-жө­ні        Қо­лы
________________ ____________
Кү­ні           Мө­рі

Қолданыстағы