О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 24 июля 2008 года № 258 "Об определении перечня должностей специалистов работающих в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 24 июля 2008 года № 258 "Об определении перечня должностей специалистов работающих в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 15.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2016 83257_147771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0004034
- ЭКБ идентификаторы
- 83257
- Редакция идентификаторы
- 83257_147771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:48
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 258 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3267 болып тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2008 жылғы 19 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы»;
қаулының кіріспесіндегі «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және қосымшаға сәйкес облыстық бюджет есебінен жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемені алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі анықталсын.»;
2-тармақтағы «(К. М. Әлімов)» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және облыстық бюджет есебінен жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемені алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесі»;
«Білім беру саласы мамандарының лауазымдары» бөлімінің 5 жолы «, директордың (басшының) ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары» деген сөздермен толықтырылсын;
«Мәдениет мамандарының лауазымдары» бөлімінде:
3 жол «, мұражай меңгерушісі, сектор меңгерушісі» деген сөздермен толықтырылсын;
8 жолдағы «Жетекші әдіскер,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Мұрағат мамандарының лауазымдары» бөлімі мынадай мазмұндағы 3 жолмен толықтырылсын:
«
3
Аға қор сақтаушы, қор сақтаушы
».
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы
Қалдығұлова С. М.