О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 456
- Қабылданған күні
- 18.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2016 105537_121789.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000456
- ЭКБ идентификаторы
- 105537
- Редакция идентификаторы
- 105537_121789
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:01
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi
№ 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22,
205-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 115), 116), 117), 118) және 119) тармақшалармен толықтырылсын:
«115) автоотын құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту;
116) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
117) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
118) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;
119) мұнай өнімдерінің дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының тізбесін бекіту;»;
ведомстволардың функцияларында:
91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«91) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 97-1), 97-2), 97-3), 97-4), 97-5), 97-6), 97-7) және 97-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«97-1) автоотын құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
97-2) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
97-3) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсыну;
97-4) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;
97-5) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөнінде бірыңғай дерекқор жүргізуді жүзеге асыру;
97-6) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
97-7) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-8) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтарды жою жөнінде хабарлама нысанын әзірлеу;».