Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»

Қаулы · № 975 · қабылданған 30.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2008-no-387-ekb-162696/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 975 ·30.12.2021
30.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 975 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
975
Қабылданған күні
30.12.2021
Көрсетілген редакция
30.12.2021 162696_556030.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000975
ЭКБ идентификаторы
162696
Редакция идентификаторы
162696_556030
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:06

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттiк сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алу, аудиторлық қызмет, iшкi мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттiк есептiлiк саласында салааралық үйлестiру және әдiснамалық басшылық ету;»;
мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
«52-1) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 54-1) және 54-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«54-1) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
54-2) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарын айқындау;»;
364) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«364) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 364-1), 364-2), 364-3), 364-4), 364-5) және 364-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«364-1) Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
364-2) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшарт жасасу және орындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
364-3) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде тиісті салалардың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
364-4) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
364-5) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының офтейк-келісімшартты жасасу және орындау тәртібін келісу;
364-6) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;».

2 2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он сегізінші абзацын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы