О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 255
- Қабылданған күні
- 05.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2024 195348_694178.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000255
- ЭКБ идентификаторы
- 195348
- Редакция идентификаторы
- 195348_694178
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:10
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелері туралы ақпарат беру;»;
мынадай мазмұндағы 36-1) және 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын келісу;
36-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп айырысу жүргізу қағидаларын келісу;»;
255) тармақша алып тасталсын;
748) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«748) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайын мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін айқындау;».