Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»

Қаулы · № 40 · қабылданған 05.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2008-no-387-ekb-206957/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 40 ·05.02.2025
05.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 40 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40
Қабылданған күні
05.02.2025
Көрсетілген редакция
05.02.2025 206957_744266.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000040
ЭКБ идентификаторы
206957
Редакция идентификаторы
206957_744266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:13

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі

№ 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 609-2) тармақшамен толықтырылсын:
«609-2) петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;»;
643) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«643) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына қатысу;»;
мынадай мазмұндағы 643-7), 643-8) және 643-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«643-7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;
643-8) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
643-9) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;»;
758-72), 758-73), 758-74), 758-75) және 758-76) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«758-72) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды жыл сайынғы негізде енгізу;
758-73) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстарды жыл сайынғы негізде әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
758-74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жыл сайынғы негізде қалыптастыру;
758-75) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
758-76) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы