О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1133
- Қабылданған күні
- 22.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2013 AI74888_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300001133
- ЭКБ идентификаторы
- 74888
- Редакция идентификаторы
- AI74888_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:02
0 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
5) тармақша алынып тасталсын;
ведомстволардың функцияларында:
108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«108) объектілерді концессияға беру, бюджеттік кредиттер ұсыну, концессиялық жобаларды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, мемлекеттің байланысты гранттары мен активтерін қоса қаржыландыру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін бақылау;»;
164), 165) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«164) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
165) концессия шарттарының негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;»;