О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан"
Қолданыста
Қаулы
·№ 635
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 635
- Қабылданған күні
- 10.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 92794_86886.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000635
- ЭКБ идентификаторы
- 92794
- Редакция идентификаторы
- 92794_86886
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:45
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
ведомстволардың функцияларында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;»;
мынадай мазмұндағы 175-1) тармақшамен толықтырылсын:
«175-1) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;».