О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 «О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 912
- Қабылданған күні
- 13.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.11.2015 95570_86932.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000912
- ЭКБ идентификаторы
- 95570
- Редакция идентификаторы
- 95570_86932
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:37
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi
№ 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22,
205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 114-33) тармақшамен толықтырылсын:
«114-33) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін айқындау;»;
ведомстволардың функцияларында:
229) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны тиісті мемлекеттік органдарға электрондық түрде жіберу;»;
229-1) тармақша алып тасталсын;
229-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229-2) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;»;
229-3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 229-5) және 229-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«229-5) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
3-бабы 1-тармағының 7), 12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды жүзеге асыру;
229-6) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес адвокаттарды қоспағанда, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12) – 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 229-7) және 229-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«229-7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
229-8) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 229-9), 229-10) және 229-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«229-9) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкіне, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкіне қамақ салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
229-10) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
229-11) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;»;
233) және 234) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«233) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
234) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту үшін негiздердi көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұрау салған құзыреттi органына бас тарту туралы хабарлау;»;
17-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда, үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;».