О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 24 апреля 2008 года № 76/14-IV "О Правилах организации закупа жилья на объектах незавершенного строительства города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 24 апреля 2008 года № 76/14-IV "О Правилах организации закупа жилья на объектах незавершенного строительства города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 76/14-IV "Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 403/53-IV
- Қабылданған күні
- 26.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2014 AI55859_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A0000655
- ЭКБ идентификаторы
- 55859
- Редакция идентификаторы
- AI55859_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:52
0 Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 76/14-IV "Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 76/14-IV "Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 30 сәуірде № 529 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 мамырда № 52 "Астана хабары", 2008 жылғы 6 мамырда № 55 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы құрылысы аяқталмаған объектілерден тұрғын үй сатып алуды ұйымдастыру Ережесінде:
4-тараудың 14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1 "1) бюджеттік қаражаттар есебінен аяқтауға ұсынылатын тұрғын үйдің жалпы көлемі 120 шаршы метрден аспауы тиіс;".
6 6-тарау мынадай мазмұндағы 22-1-тармағымен толықтырылсын:
22-1 "22-1. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия хатшысы тиісті хаттама жасайды.".
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Е. Оспанов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин