О внесении изменений в решение от 24 июля 2009 года № 18/9-IV "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Риддере"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 24 июля 2009 года № 18/9-IV "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Риддере"
- Атауы (қаз.)
- "Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19/6-IV
- Қабылданған күні
- 23.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 AI48722_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VD000121
- ЭКБ идентификаторы
- 48722
- Редакция идентификаторы
- AI48722_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:11
0 "Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 97 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
”Риддер қаласындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы” 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/9-IV мәслихаттың шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 17 тамызында № 5-4-117 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 35 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 2 бөлімнің «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі» 8 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
8 «8. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздар және әскер қатарында қызмет етпейтін, оқымайтын, жұмыс істемейтін жұмысқа жарамды тұлғалары бар отбасылар, тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ, мына жайларды ескермегенде:
1 1) 50 жасқа жеткен тұлғалар (жынысына байланысты емес);
2 2) I, II топтағы мүгедектерге күтім көрсететін тұлғалар;
3 3) 80 жастан асқандарға, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім көрсететін тұлғалар;
4 4) 7 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын тұлғалар;
5 5) 18 жасқа дейінгі төрт немесе одан көп балалардың тәрбиесімен айналысатын аналар;
6 6) өзін жұмыспен қамтамасыз еткен тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамту);
7 7) туберкулезбен, онкологиялық, наркологиялық ауруларымен есепте тұратын, бірақ мүгедектік топта жоқ азаматтар;
8 8) жүктілік уақыты 8 аптадан кем емес әйелдер.
Тез арадағы әскери қызметтегілер отбасы құрамына жатпайды.».