О внесении дополнений в решение Астраханского районного маслихата от 24 декабря 2009 года № 4С-19-11 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Астраханского районного маслихата от 24 декабря 2009 года № 4С-19-11 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19/11 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4С-24-7
- Қабылданған күні
- 29.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2011 54412_197501.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BF000140
- ЭКБ идентификаторы
- 54412
- Редакция идентификаторы
- 54412_197501
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:40
0 Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19/11 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Астрахан аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-115 тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпанда аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
2 тармақта:
екінші абзацында «аз қамтамасыз етілген азаматтар» сөзінен кейін «, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын» сөздерімен толықтырылсын;
төртінші абзацында «мүгедектер» сөзінен кейін «және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедектер күніне өтінішсіз» сөздерімен толықтырылсын;
тоғызыншы абзацында «кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары» сөзінен кейін «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының Астрахан аудандық бөлімшесі ұсынған тізімдердің негізінде, ай сайын коммуналдық қызметке төлем шығындарының орнын толтыруға ай сайынғы есептік көрсеткіш мөлшерінде» сөздерімен толықтырылсын;
оныншы абзацында «колледжде оқитын аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардың» сөздерінен кейін «күндізгі оқу формасындағы» сөздерімен толықтырылсын, «студентеріне оқуға төлеу үшін» сөздерінен кейін «оқудың жылдық құны мөлшерінде оқу орнының шартының және анықтамасының негізінде» сөздерімен толықтырылсын.
2 2. Шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Р. Әкімов
Астрахан ауданының «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы Қ. Садауов
Астрахан ауданының «Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы Т. Наприенко