Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 774 «Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических специальностей»

Бұйрық · № 1036 · қабылданған 05.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2009-no-774/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 774 «Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических специальностей» Күшін жойған Бұйрық ·№ 1036 ·05.12.2016
15.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 774 «Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических специальностей»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1036 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 774 «Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических специальностей»
Атауы (қаз.)
«Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1036
Қабылданған күні
05.12.2016
Көрсетілген редакция
15.01.2021 109106_508132.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014656
ЭКБ идентификаторы
109106
Редакция идентификаторы
109106_508132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:04

0 «Медицина және фармацевтика

мамандықтарының номенклатурасын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы № 774
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген, Заң газетінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 187 (1784) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасында:
1-тарауда:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жоғары білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектердің, балалардың)»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Кәсіби патология»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектердің, балалардың)
15. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің, балалардың)»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Медициналық реабилитология (ересектердің, балалардың)»;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектердің, балалардың)
29. Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың)»;
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың)
40. Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектердің, балалардың)»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Трансфузиология»;
45, 46, 47, 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық көмек, неонатология)
46. Неонатология (интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация)
47. Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама)
48. Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия)
49. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия)»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Қоғамдық денсаулық сақтау (валеология, эпидемиология, статистика, әдіснама)»;
2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Фармацевтикалық жоғары білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
Фармация (жалпы фармацевтикалық практика; фармацияның экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, тексеруші, хабаршы, маркетолог-тауартанушы, дәрілердің технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдаушы (провизор-талдаушы); талдамалы диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог); клиникалық фармация; фармация сапасын басқару)»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
1. Мейіргер ісі»;
3-тарауда:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Техникалық және кәсіби медициналық және фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мейіргер ісі (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейіргер, медицина статистигі, күтім бойынша кіші мейіргер, массажист)»;
4-тарау алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы