О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 775 "Об утверждении Номенклатуры должностей работников здравоохранения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 775 "Об утверждении Номенклатуры должностей работников здравоохранения"
- Атауы (қаз.)
- "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 587
- Қабылданған күні
- 24.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2021 67868_508130.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007936
- ЭКБ идентификаторы
- 67868
- Редакция идентификаторы
- 67868_508130
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:30
0 "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5896 тіркелген, орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 12, 2010 жыл) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарының номенклатурасында:
1–бөлімде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары медициналық білімі бар мамандардың лауазымы:
1) учаскелік дәрігер/Жалпы практика дәрігері;
2) ординатор-дәрігер (профильдік маман);
3) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маманы);
4) қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (немесе маманы) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер);
5) денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша);
6) денсаулық сақтау саласындағы персоналмен жұмыс істеу менеджері;
7) сарапшы-дәрігер;
8) дәрігер – сот-медициналық сарапшы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медицина-криминалистік, молекулярлық-генетикалық зерттеулердің).»;
3-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер, валеолог);»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымы:
1) аға мейірбике/мейірие (аға фельдшер, аға акушер);
2) фельдшер;
3) зертханашы;
4) санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігерлерінің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы);
5) учаскелік мейірбике(мейірие)/жалпы практика мейірбикесі (мейірие);
6) мейірбике/мейірие (мамандандырылған);
7) акушер;
8) емдәм мейірбикесі;
9) ңұсқаушы-дезинфектор;
10) оптик және оптикометрист;
11) тіс дәрігері (дантист);
12) стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті);
13) стоматологиялық гигиенист;
14) рентген зертханашысы;
15) тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);
16) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
17) медициналық тіркеуші;
18) кіші мейірбике/мейірие (мейірбикенің/мейіриенің көмекшісі);
19) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер.».