Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 775 "Об утверждении Номенклатуры должностей работников здравоохранения"

Бұйрық · № 147 · қабылданған 19.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2009-no-775/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 775 "Об утверждении Номенклатуры должностей работников здравоохранения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 147 ·19.03.2014
15.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 775 "Об утверждении Номенклатуры должностей работников здравоохранения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 147 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 24 ноября 2009 года № 775 "Об утверждении Номенклатуры должностей работников здравоохранения"
Атауы (қаз.)
"Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
19.03.2014
Көрсетілген редакция
15.01.2021 79486_508118.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009359
ЭКБ идентификаторы
79486
Редакция идентификаторы
79486_508118
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:26

0 "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5896 тіркелген, 2010 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының Орталық атқару органдарының және басқа орталық мемлекеттік орагандарының актілер жинағында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасында:
Медициналық ұйымдар деген 1-бөлімде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары:
1) психолог маман;
2) денсаулық сақтаудағы сарапшы маман;
3) зертхана маманы;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог);
5) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер, валеолог);
6) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
7) инженер-медициналық физик;
8) сәулелік жабдыққа қызмет көрсету бойынша инженер;
9) радиомеханик инженер.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымы:
1) аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер);
2) фельдшер;
3) зертханашы;
4) санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігерлерінің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы);
5) учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері;
6) мейіргер (мамандандырылған);
7) акушер;
8) емдәм мейіргері;
9) ңұсқаушы-дезинфектор;
10) оптик және оптикометрист;
11) тіс дәрігері (дантист);
12) стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті);
13) стоматологиялық гигиенист;
14) рентген зертханашысы;
15) тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);
16) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
17) медициналық тіркеуші;
18) кіші мейіргер (мейіргердің көмекшісі);
19) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер;
20) техник-дозиметрист».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы