О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы"
- Атауы (қаз.)
- Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Базалық салық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 63
- Қабылданған күні
- 15.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2024 111206_721269.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CD005411
- ЭКБ идентификаторы
- 111206
- Редакция идентификаторы
- 111206_721269
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:44
0 Байғанин аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық
салық ставкаларын түзету туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық салық ставкаларын түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-73 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша «ставкаларын», «ставкалары» деген сөздер «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелері» сөздерімен ауыстырылсын;