Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы»

Өзге акт · № 147 · қабылданған 20.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2009-no-83/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» Күшін жойған Өзге акт ·№ 147 ·20.03.2018
06.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 147 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 24 апреля 2009 года № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы»
Атауы (қаз.)
Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
20.03.2018
Көрсетілген редакция
06.09.2024 120373_721272.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CD000167
ЭКБ идентификаторы
120373
Редакция идентификаторы
120373_721272
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:14

0 Байғанин аудандық мәслихатының

2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық
салық мөлшерлемелерін түзету туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 «Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-73 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімінің тақырыбындағы «салық мөлшерлемелерін» сөзі «салықтық мөлшерлемелерді» сөзімен;
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің  510 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта «2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап» сөздері алынып тасталсын;
«жоғарлатылсын» сөзі «арттырылсын» сөзімен ауыстырылсын.

2 2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

3 3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы