Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 24 августа 2010 года № 228 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике уровня жизни и обследования домашних хозяйств и инструкций по их заполнению"

Бұйрық · № 169 · қабылданған 30.07.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2010-no-228/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 24 августа 2010 года № 228 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике уровня жизни и обследования домашних хозяйств и инструкций по их заполнению" Күшін жойған Бұйрық ·№ 169 ·30.07.2013
04.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 24 августа 2010 года № 228 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике уровня жизни и обследования домашних хозяйств и инструкций по их заполнению"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 169 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 24 августа 2010 года № 228 "Об утверждении статистических форм общегосударственных статистических наблюдений по статистике уровня жизни и обследования домашних хозяйств и инструкций по их заполнению"
Атауы (қаз.)
"Тұрмыс деңгейі және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
169
Қабылданған күні
30.07.2013
Көрсетілген редакция
04.11.2014 AI74199_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008647
ЭКБ идентификаторы
74199
Редакция идентификаторы
AI74199_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:36

0

"Тұрмыс деңгейі және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тұрмыс деңгейі және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 тамыздағы № 228 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6495 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 маусымдағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 251-254 (26652) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
7, 8-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;

3 3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама Вопросник для основного интервью Есепті кезең жыл Отчетный период год

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушының
2013 жылғы 30 шілдедегі
№ 169 бұйрығына
1-қосымша
Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка ор­ган­да­ры құ­пи­я­лы­лы­ғы­на ке­піл­дік бе­ре­ді
Кон­фи­ден­ци­аль­ность га­ран­ти­ру­ет­ся ор­га­на­ми го­су­дар­ствен­ной ста­ти­сти­ки
Жал­пы­мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка­лық бай­қа­удың ста­ти­сти­ка­лық ны­сан
Ста­ти­сти­че­ская фор­ма об­ще­го­су­дар­ствен­но­го ста­ти­сти­че­ско­го на­блю­де­ния
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ста­ти­сти­ка агент­ті­гі
Тө­ра­ға­сы­ның мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы
24 та­мы­зда­ғы № 228 бұй­ры­ғы­на 7-қо­сым­ша
При­ло­же­ние 7 к при­ка­зу ис­пол­ня­ю­ще­го обя­зан­но­сти Пред­се­да­те­ля Агент­ства Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан по ста­ти­сти­ке от 24 ав­гу­ста 2010 го­да № 228
Аумақтық ор­ганға тап­сы­ры­ла­ды
Пред­став­ля­ет­ся тер­ри­то­ри­аль­но­му ор­га­ну
Ста­ти­сти­ка­лық ны­сан­дыwww.​stat.​gov.​kz сай­ты­нан алу­ға бо­ла­ды
Ста­ти­сти­че­скую фор­му мож­но по­лу­чить на сай­те www.​stat.​gov.​kz
Ста­ти­сти­ка­лық ны­сан ко­ды 1265104
Код ста­ти­сти­че­ской фор­мы 1265104
D 006
Жыл­дық
Го­до­вая
Ста­ти­сти­ка­лық ны­сан­ды тол­ты­ру­ға жұм­сал­ған уа­қыт, са­ғат­пен (қа­жет­ті­сін қор­ша­ңыз)
Вре­мя, за­тра­чен­ное на за­пол­не­ние ста­ти­сти­че­ской фор­мы, в ча­сах (нуж­ное об­ве­сти)
1 са­ғат­қа дей­ін
до 1 ча­са
1-2
2-4
4-8
8-40
40 са­ғат­тан ар­тық
бо­лее 40 ча­сов
Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама Вопросник для основного интервью Есепті кезең жыл Отчетный период год

1 1. АУМАҚТЫҢ (елді мекеннің) атауы

Наименование территории (населенного пункта)
____________________________________________________________________

2 2. АӘОЖ бойынша елді мекеннің коды1

Код  населенного пункта по КАТО

3 3. Елді мекен типінің коды (1 - қала, 2 - ауыл)

Код типа населенного пункта (1 - город, 2 - село)

4 4. Үй шаруашылығының коды

Код домохозяйства

5 5. Пікіртерімді жүргізуге уәкілетті тұлғаның

коды (бұдан әрі – интервьюер)
Код лица, уполномоченного на проведение
опроса (далее – интервьюер)

6 І. Тұрғын үй жағдайлары2 (Сұрақтар үй шаруашылығының негізгі тұрғын үйіне қатысты) І. Жилищные условия (Вопросы относятся к основному жилью домохозяйства)

6. Сұхбат жүргізу күні     күні         ай           жыл
Дата проведения интервью   число    месяц   год
___________________________
1Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші ҚР МК 11-2009
Классификатор административно-территориальных объектов ГК РК 11-2009
І. Тұрғын үй жағдайлары2 (Сұрақтар үй шаруашылығының негізгі тұрғын үйіне қатысты) І. Жилищные условия (Вопросы относятся к основному жилью домохозяйства)

1 1. Сіз тұрған үй қандай типтегі тұрғын үй (жалдайсыз ба)?

Каков тип жилья, в котором Вы проживаете (арендуете)?
1.
Же­ке пәтер
От­дель­ная квар­ти­ра
2.
Пәтер­де­гі бөл­ме
Ком­на­та в квар­ти­ре
3.
Же­ке үй
От­дель­ный дом
4.
Үй­дің бір бө­лі­гі
Часть до­ма

2 2. Сіз тұрған үйіңіз кімге тиесілі?

Cкажите, пожалуйста, кому принадлежит Ваше жилье?
1.
Сіз­дің үй ша­ру­а­шы­лы­ғы­ңыз­ға (же­ке­ше­лен­ді­рі­л­ген, са­тып алын­ған неме­се сый­ға алын­ған)
Ва­ше­му до­мо­хо­зяй­ству (при­ва­ти­зи­ро­ва­но, куп­ле­но или по­лу­че­но в по­да­рок)
2.
Же­ке тұл­ға­ға
Част­но­му ли­цу
3.
Әкім­дік­ке (яғ­ни, үй же­ке­ше­лен­ді­ріл­ме­ген)
Аки­ма­ту (то есть жи­лье не при­ва­ти­зи­ро­ва­но)
4.
Бас­қа заң­ды тұл­ға­ға
Дру­го­му юри­ди­че­ско­му ли­цу

3 3. Сіздің тұрғын үйіңіздің ауданы қанша?

Назовите, пожалуйста,…
жалпы ауданы, шаршы метр
общую площадь Вашего жилища – кв.м
тұрғын алаңы, шаршы метр
жилую площадь Вашего жилища – кв.м

4 4. Сіздің үй шаруашылығыңыз қанша бөлмеге ие (ас үйден, ваннадан,

дәретханадан, дәлізден, қоймадан басқа)?
Сколько жилых комнат занимает Ваше домохозяйство (кроме кухни, ванны,
туалета, прихожей, кладовых)?

5 5. Сіз бұл пәтерде (үйде) қанша толық жылдан бері тұрасыз?

Сколько полных лет Вы живете в этой квартире (доме)?

6 6. Сіздің тұрғын үйіңіз қай жылы салынған?

В каком году Ваше жилье было построено?

7 7. Сіздің үйде мыналардың қайсысы бар: Иә-1 Жоқ-2

Скажите, пожалуйста, у Вас дома есть:                             Да-1 Нет-2
1.
Ор­та­лық­тан жы­лы­ту
Цен­траль­ное отоп­ле­ние
2.
Же­ке қон­дыр­ғы­дан жы­лы­ту
Отоп­ле­ние от ин­ди­ви­ду­аль­ной уста­нов­ки
3.
Же­ке сужы­лыт­қы­штан ыстық су­мен жаб­дық­тау
Го­ря­чее во­до­снаб­же­ние от ин­ди­ви­ду­аль­ных во­до­на­гре­ва­те­лей
4.
Ор­та­лық­тан ыстық су­мен жаб­дық­тау
Цен­траль­ное го­ря­чее во­до­снаб­же­ние
5.
Су құ­бы­ры
Во­до­про­вод
6.
Кә­різ
Ка­на­ли­за­ция
7.
Ван­на неме­се се­без­гі
Ван­на или душ
8.
Же­лі­лік газ
Газ се­те­вой
9.
Сұй­ы­ты­л­ған газ (бал­лон­дар­да­ғы)
Газ сжи­жен­ный (в бал­ло­нах)
10.
Электр
Элек­три­че­ство
11.
Еден үсті­лік электр плит­ка­сы
Элек­тро­пли­та на­поль­ная
12.
Ста­ци­о­нар­лық те­ле­фон
Ста­ци­о­нар­ный те­ле­фон
13.
Қо­қыс құ­бы­ры
Му­со­ро­про­вод
14.
Га­раж неме­се пар­кинг
Га­раж или пар­кинг
15.
Лифт
16.
До­мо­фон
17.
Те­ле­ра­дио­ха­бар бағ­дар­ла­ма­ла­рын қа­был­дау құ­рал­да­ры (үй және спут­ник­ті ан­тен­на, ра­дио­қа­был­да­ғы­штар)
Сред­ства при­е­ма про­грамм те­ле­ра­дио­ве­ща­ния (до­маш­няя или спут­ни­ко­вая ан­тен­на, ра­дио­при­ем­ни­ки)
____________________
2Осы жерде және бұдан әрі жауап нұсқаларының нөмірленуі статистикалық анықтамаларға сәйкес көрсетілген
Здесь и далее нумерация вариантов ответов указана в соответствии со статистическими справочниками

8 8. Сіздің үйде соңғы 30 күн ішінде келесі қызмет көрсетудің негізгі түрлерімен жабдықтауда іркілістер (тоқтатып тастау жағдайлары) болды ма?

Были ли у Вас в доме в течение последних 30 дней перебои со снабжением (случаи

отключения отключения) следующих основных видов услуг?

Иә - 1
Да - 1
Жиі-1,
Ча­сто-1
Өте жиі-2,
Очень ча­сто-2,
Си­рек-3,
Ред­ко-3
Жоқ - 2
Нет - 2
1.
Ор­та­лық­тан жы­лы­ту
Цен­траль­ное отоп­ле­ние
2.
Электр­мен жаб­дық­тау
Энер­го­снаб­же­ние
3.
Ыстық су
Го­ря­чая во­да
4.
Суық су
Хо­лод­ная во­да
5.
Га­з­бен жаб­дық­тау
Га­зо­снаб­же­ние
6.
Лифт­тік қыз­мет көр­се­ту
Лиф­то­вое об­слу­жи­ва­ние
7.
То­лық кө­лем­де те­ле­ра­дио­ха­бар бағ­дар­ла­ма­сын қа­был­дау
При­ем про­грамм те­ле­ра­дио­ве­ща­ния в пол­ном объ­е­ме
8.
Қо­қыс шы­ға­ру
Вы­воз му­со­ра
9.
Кә­різ
Ка­на­ли­за­ция

9 9. Ұсынылған тұрғын үй қызметінің сапасын Жақсы-1

Сіз қалай бағалайсыз?                                           Хорошо-1
Как Вы оцениваете качество предоставляемых жилищных                Қанағаттанарлық-2
услуг?                                                             Удовлетворительно-2
Нашар-3
Плохо-3
1.
Суық су­дың қы­сы­мы
Дав­ле­ние хо­лод­ной во­ды
2.
Ыстық су­дың қы­сы­мы
Дав­ле­ние го­ря­чей во­ды
3.
Ыстық су­дың тем­пе­ра­ту­ра­сы
Тем­пе­ра­ту­ра го­ря­чей во­ды
4.
Жы­лу­дың тем­пе­ра­ту­ра­сы
Тем­пе­ра­ту­ра отоп­ле­ния
5.
Электр же­лі­сі­нің кер­не­уі
На­пря­же­ние элек­тро­се­ти
6.
Газ бе­ру
По­да­ча га­за
7.
Ауыз су­дың са­па­сы
Ка­че­ство пи­тье­вой во­ды
8.
Лифт­тік қыз­мет көр­се­ту
Лиф­то­вое об­слу­жи­ва­ние
9.
Те­ле­ра­дио­ха­бар бағ­дар­ла­ма­сын қа­был­дау
При­ем про­грамм те­ле­ра­дио­ве­ща­ния
10.
Қо­қыс шы­ға­ру
Вы­воз му­со­ра
11.
Кә­різ
Ка­на­ли­за­ция
Интервьюер! Үйінде су құбыры жоқтарға келесі екі сұрақты қойыңыз, кері жағдайда 11-сұраққа көшіңіз
Интервьюер! Тем, у кого в доме отсутствует водопровод, задайте два следующих вопроса, в противном случае - вопрос 11

10 10. Сіздің үй шаруашылығыңыз ішетін және ас әзірлейтін суды қайдан алады?

Откуда Ваше домохозяйство берет воду для питья и приготовления пищи?
1.
Өз аула­сын­да­ғы құ­дық­тан, ко­лон­ка­дан
Из ко­лод­ца, ко­лон­ки в сво­ем дво­ре
2.
Қо­ғам­дық су ко­лон­ка­сы­нан
Из об­ще­ствен­ной ко­лон­ки
3.
Қо­ғам­дық құ­дық­тан
Из об­ще­ствен­но­го ко­лод­ца
4.
Бұ­лақ­тан, өзен­нен, көл­ден, то­ған­нан
Из род­ни­ка, ре­ки, озе­ра, пру­да
5.
Су та­сығ­ыш жет­кі­зіп бе­ре­ді
До­став­ля­ет во­до­воз
10.1 Сумен жабдықтау көзі Сіздің үйіңізден қандай қашықтықта?
На каком расстоянии от Вашего жилья находится источник водоснабжения?
1.
100 метр­ден аз
Ме­нее 100 метр
2.
100-200 м
3.
200-500 м
4.
500-1000 м
5.
1000 м-ден көп
Бо­лее 1000 м

11 11. Сіздің үй шаруашылығыңыздың мүшелері қайда жуынады?

Где члены Вашего домохозяйства моются?
1.
Се­без­гі­сі бар ван­на
Ван­на с ду­шем
2.
Се­без­гі
Душ
3.
Же­ке мон­ша, сау­на
Соб­ствен­ная ба­ня, сау­на
4.
Қо­ғам­дық мон­ша, сау­на
Об­ще­ствен­ная ба­ня, сау­на
9.
Бас­қа
Дру­гое

12 12. Үй шаруашылығында дәретхананың қандай түрі қолданылады?

Какой тип туалета используется в домохозяйстве?
1.
Кә­рі­зі ор­та­лық жүй­е­ден тар­ты­л­ған дә­рет­ха­на
Туа­лет с цен­траль­ной си­сте­мой ка­на­ли­за­ции
2.
Қо­ғам­дық, же­ке ұң­ғы­ма неме­се шұң­қыр­ға тар­ты­л­ған дә­рет­ха­на
Туа­лет с под­клю­чен­ным об­ще­ствен­ным, ин­ди­ви­ду­аль­ным сеп­ти­ком или вы­гре­бом
3.
Шұң­қыр дә­рет­ха­на
Убор­ные с ямой
9.
Бас­қа
Дру­гой
12.1 Дәретхана қай жерде орналасқан?
Где расположен туалет?
1.
Үй­дің ішін­де
В до­ме
2.
Аула­да
Во дво­ре
3.
Кө­ше­де
На ули­це
12.2 Бұл дәретхананы тек Сіздің үй шаруашылығыңыз ғана пайдалана ма немесе басқа үй шаруашылықтары да ма?
Этот туалет используется только Вашим домохозяйством или совместно с другими?
1.
Бір үй ша­ру­а­шы­лы­ғы­мен
Од­ним до­мо­хо­зяй­ством
2.
Бас­қа үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры­мен бір­ге
Сов­мест­но с дру­ги­ми до­мо­хо­зяй­ства­ми
Интервьюер! Жаяу жүріп жете алатын қолжетімділік шегінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілері барларға 13-сұрақты қойыңыз, кері жағдайда 13.1-сұраққа көшіңіз
Интервьюер! Тем, у кого в пределах пешей доступности имеются объекты социальной инфраструктуры, задайте вопрос 13, в противном случае - 13.1

13 13. Сіздің тұрғын үйіңізден жаяу жүріп жете алатын қолжетімділік шегінде келесі әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бар ма? Егер болса, онда жақын объектіге жету үшін Сізге қанша уақыт қажет?

Cкажите, пожалуйста, имеется ли в пределах пешей доступности от Вашего жилья
следующие объекты социальной инфраструктуры? Если да, то сколько времени Вам
потребуется для того, чтобы добраться до ближайшего?
10 ми­нут­тан аз
мень­ше 10
ми­нут
10-20
ми­нут
20-30
ми­нут
30-60
ми­нут
1 са­ғат­тан
көп
бо­лее 1
ча­са
1.
Қо­ғам­дық кө­лік аял­да­ма­сы
Оста­нов­ка об­ще­ствен­но­го транс­пор­та
2.
Дү­кен неме­се ба­зар
Ма­га­зин или ры­нок
3.
Ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме
Ме­ди­цин­ское учре­жде­ние
4.
Жал­пы бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі (мек­теп, гим­на­зия, ли­цей)
Об­ще­об­ра­зо­ва­тель­ное учре­жде­ние (шко­ла, гим­на­зия, ли­цей)
5.
Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі
Учре­жде­ние до­школь­но­го об­ра­зо­ва­ния
13.1 Егер жаяу жүріп жету мүмкін болмаса, онда қоғамдық көлікте, бағыттық таксиде, автомобильде немесе көліктің басқа түрімен жету үшін Сізге қанша уақыт қажет?
Если не можете добраться пешком, то сколько времени Вам потребуется для поездки
на общественном транспорте, маршрутном такси, автомобиле или другом виде
транспорта?
10 ми­нут­тан аз
мень­ше 10 ми­нут
10-20
ми­нут
20-30
ми­нут
30-60
ми­нут
1 са­ғат­тан
көп
бо­лее 1
ча­са
1.
Дү­кен неме­се ба­зар
Ма­га­зин или ры­нок
2.
Ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме
Ме­ди­цин­ское учре­жде­ние
3.
Жал­пы бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі (мек­теп, гим­на­зия, ли­цей)
Об­ще­об­ра­зо­ва­тель­ное учре­жде­ние (шко­ла, гим­на­зия, ли­цей)
4.
Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі
Учре­жде­ние до­школь­но­го об­ра­зо­ва­ния

14 14. Сізде негізгіден басқа тағы қандай да бір тұрғын үй бар ма?

Имеете ли Вы еще какое-либо жилье, кроме основного?
Иә 14.1 сұрақ Жоқ 14.3 сұрақ
Да         вопрос 14.1             Нет          вопрос 14.3
14.1 Ол қандай тұрғын үй? Тұрғын үйдің (негізгіден басқа) типін көрсетіңізші
Какое это жилье? Укажите, пожалуйста, тип имеющегося жилья (кроме основного)
1.
Же­ке пәтер
От­дель­ная квар­ти­ра
2.
Ауыл­дық жер­де­гі үй неме­се үй­дің жар­ты­сы
Дом или пол­до­ма в сель­ской мест­но­сти
3.
Қа­ла­лық жер­де­гі үй неме­се үй­дің жар­ты­сы
Дом или пол­до­ма в го­род­ской мест­но­сти
4.
Са­я­жай неме­се мау­сым­дық тұ­ру­ға ар­нал­ған үй
Да­ча или дом для се­зон­но­го про­жи­ва­ния
9.
Бас­қа құ­ры­лыс
Дру­гие стро­е­ния
14.2 Сіз оны қалай пайдаланасыз?
Как Вы его используете?
1.
Он­да жа­з­да және бос уа­қыт­та тұ­ра­мын
Про­жи­ваю в нем в лет­нее и сво­бод­ное вре­мя
2.
Жал­ға бе­ре­мін
Сдаю в арен­ду
3.
Пай­да­лан­бай­мын
Не ис­поль­зую
9.
Өзге
Про­чее
14.3 Егер де негіз­гі үй­де жал­ға тұр­ған бол­са­ңыз, оған ай­ы­на Сіз қан­ша тө­лей­тін бо­лар еді­ңіз? Ба­ға­лап кө­рі­ңіз­ші, тең­ге
Оце­ни­те, по­жа­луй­ста, сколь­ко бы Вы за­пла­ти­ли в ме­сяц за ва­ше ос­нов­ное жи­лье, ес­ли бы его арен­до­ва­ли, тен­ге
14.4 Сіз өзі­ң­із­дің үй­і­ң­із­ді қан­дай со­ма­ға са­та алар еді­ңіз? Ба­ға­лап кө­рі­ңіз­ші, тең­ге
Оце­ни­те, по­жа­луй­ста, за ка­кую сум­му Вы смог­ли бы про­дать свое жи­лье, тен­ге

15 15. Келесі сұрақ ұзақ пайдаланатын тауарлардың қолда бары туралы (егер қолда екі және одан да көп тауарлар болған жағдайда, ең жаңа тауардың (соңғы модификациядағы) құны қойылады):

Следующий вопрос о наличии товаров длительного пользования (в случае, если имеется
в наличии два и более товаров, проставляется стоимость самого нового товара
(последней модификации))
Са­ны, бір­лік
Ко­ли­че­ство,
еди­ниц
Пай­да­ла­ну мер­зі­мі, жыл
Срок поль­зо­ва­ния, лет
Та­у­ар­дың ба­ға­лан­ған ағым­да­ғы құ­ны, ор­та­ша бір
бір­лік­ке, тең­ге
Оце­ноч­ная сто­и­мость
в те­ку­щих це­нах, в сред­нем за од­ну еди­ни­цу, тен­ге
Аудио-ви­део тех­ни­ка неме­се фо­то­ап­па­ра­ту­ра
Аудио-ви­део тех­ни­ка и фо­то­ап­па­ра­ту­ра
1.
Түр­лі-тү­сті те­ле­ди­дар
Те­ле­ви­зор цвет­ной
2.
Ақ-қа­ра тү­сті те­ле­ди­дар
Те­ле­ви­зор чер­но-бе­лый
3.
Үй ки­но­те­ат­ры
До­маш­ний ки­но­те­атр
4.
Бейне маг­ни­то­фон, бей­не­пле­ер
Ви­део­маг­ни­то­фон, ви­део­пле­ер
5.
Бей­не­ка­ме­ра
Ви­део­ка­ме­ра
6.
DVD-пле­ер
7.
Ра­дио­қа­был­да­ғыш
Ра­дио­при­ем­ник
8.
Му­зы­ка­лық ор­та­лық
Му­зы­каль­ный центр
9.
Ка­ра­оке
10.
Маг­ни­то­фон
11.
Аудио­пле­ер
12.
CD-пле­ер
13.
Спут­ник­ті ан­тен­на­лар
Спут­ни­ко­вые ан­тен­ны
14.
Фо­то­ап­па­рат
15.
Ой­ын қон­дыр­ғы­ла­ры
Иг­ро­вые при­став­ки
Тұр­мыстық тех­ни­ка
Бы­то­вая тех­ни­ка
16.
То­ңа­зыт­қыш
Хо­ло­диль­ник
17.
Мұз­дат­қыш ка­ме­ра
Мо­ро­зиль­ная ка­ме­ра
18.
Кір жу­ғыш ма­ши­на
Сти­раль­ная ма­ши­на
19.
Қы­сқа тол­қын­ды пеш
Мик­ро­вол­но­вая печь
20.
Ыдыс жу­ғыш ма­ши­на
По­су­до­мо­еч­ная ма­ши­на
21.
Тігін ма­ши­на­сы
Швей­ная ма­ши­на
22.
То­қы­ма ма­ши­на­сы
Вя­заль­ная ма­ши­на
23.
Шаң­сор­ғыш
Пы­ле­сос
24.
Газ пли­та­сы
Га­зо­вая пли­та
25.
Электр пли­та­сы
Элек­три­че­ская пли­та
26.
Ауа бап­та­ғыш
Кон­ди­ци­о­нер
Ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы
Орг­тех­ни­ка
27.
Дер­бес ком­пью­тер
Пер­со­наль­ный ком­пью­тер
28.
Прин­тер
29.
Но­ут­бук
30.
Қал­та ком­пью­те­рі (палм­топ)
Кар­ман­ный ком­пью­тер (палм­топ)
31.
Фак­си­миль­ді ап­па­рат
Фак­си­миль­ный ап­па­рат
32.
Кө­шір­ме ап­па­ра­ты
Ко­пи­ро­валь­ный ап­па­рат
33.
Ста­ци­о­нар­лық те­ле­фон
Ста­ци­о­нар­ный те­ле­фон
34.
Ұт­қыр те­ле­фон
Мо­биль­ный те­ле­фон
Жи­һаз
Ме­бель
35.
Тұр­ғын үй жи­һаз­да­ры­ның жиын­тығы, қа­быр­ға­лық, ша­ғын қа­быр­ға­лық жи­һаз­дар
На­бор жи­лой ме­бе­ли, стен­ка, гор­ка
36.
Жұм­сақ жи­һаз жиын­тығы
На­бор мяг­кой ме­бе­ли
37.
Жа­тын бөл­ме жи­һаз жиын­тығы
На­бор ме­бе­ли для спаль­ни
38.
Ас бөл­ме­ге ар­нал­ған жи­һаз­дар­дың жиын­тығы, бұ­рыш­қа қой­ы­ла­тын жұм­сақ жи­һаз­ды қо­сқан­да
На­бор ме­бе­ли для кух­ни, вклю­чая мяг­кий уго­лок
39.
Кі­ре бе­ріс бөл­ме­ге ар­нал­ған жи­һаз жиын­тығы
На­бор ме­бе­ли в при­хо­жую
Кө­лік құ­рал­да­ры
Транс­порт­ные сред­ства
40.
Же­ңіл ав­то­мо­биль
Лег­ко­вой ав­то­мо­биль
41.
Мо­то­цикл, мо­то­рол­лер, мо­пед
42.
Ве­ло­си­пед (ба­ла­лар­ға ар­нал­ған­нан бас­қа)
Ве­ло­си­пед (кро­ме дет­ско­го)
43.
Жүк ав­то­мо­би­лі
Гру­зо­вой ав­то­мо­биль
44.
Мо­тор­лы қай­ық, ка­тер, ску­тер
Мо­тор­ная лод­ка, ка­тер, ску­тер
Му­зы­ка­лық ас­пап­тар
Му­зы­каль­ные ин­стру­мен­ты
45.
Кла­ви­ша­лы му­зы­ка­лық ас­пап­тар
Кла­виш­ные му­зы­каль­ные ин­стру­мен­ты
46.
Пер­не­лі му­зы­ка­лық ас­пап­тар
Струн­ные му­зы­каль­ные ин­стру­мен­ты

ii II. Жердің, малдың және техниканың қолда бары

ii II. Наличие земли, скота и техники

16 16. Айтыңызшы, Сіздің жерді пайдалануға мүмкіндігіңіз бар ма?

Скажите, пожалуйста, имеете ли Вы доступ к использованию земли?
Иә 17 сұрақ Жоқ 21 сұрақ
Да        вопрос 17               Нет          вопрос 21

17 17. Сіздің қарамағыңызда барлығы қанша жер учаскесі бар?

Сколько всего участков земли находится в Вашем распоряжении?
1.
Бір
Один
2.
Екі
Два
3.
Үш неме­се одан көп
Три или бо­лее

18 18. Енді Сіздің (Сіздердің) жер учаскелеріңіз туралы толығырақ сөйлесейік.

Мына учаске (учаскелер) Сіздің:
Сейчас, давайте, поговорим о Вашем (Ваших) участках земли подробнее.
Скажите, пожалуйста, этот участок (участки) Вы:
1-учас­ке
уча­сток 1
2-учас­ке
уча­сток 2
3-учас­ке
уча­сток 3
1.
Же­ке мен­ші­гі­ң­із­де
Име­е­те в част­ной соб­ствен­но­сти
2.
Мем­ле­кет­тен жал­ға ал­ды­ңыз (жер­ді уа­қыт­ша (қы­сқа, ұзақ мер­зім­ді) пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы­ңыз бар)
Арен­ду­е­те у го­су­дар­ства (име­е­те пра­во вре­мен­но­го (крат­ко­сроч­но­го, дол­го­сроч­но­го) зем­ле­поль­зо­ва­ния)
3.
Же­ке тұл­ға­дан жал­ға ал­ды­ңыз
Арен­ду­е­те у част­но­го ли­ца
9.
Өзге де
Про­чее

19 19. Жер телімінің мақсатты тағайындалуын көрсетіңіз

Укажите, пожалуйста, целевое назначение земельного участка
1-учас­ке
уча­сток 1
2-учас­ке
уча­сток 2
3-учас­ке
уча­сток 3
1.
Ша­руа неме­се фер­мер қо­жа­лы­ғын жүр­гі­зу
Ве­де­ние кре­стьян­ско­го или фер­мер­ско­го хо­зяй­ства
2.
Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу
Ве­де­ние лич­но­го под­соб­но­го хо­зяй­ства
3.
Бақ өсі­ру, бақ­ша өсі­ру, са­я­жай құ­ры­лы­сы
Са­до­вод­ство, ого­род­ни­че­ство, дач­ное стро­и­тель­ство
4.
Мал жаю және шөп дай­ын­дау
Вы­пас ско­та и за­го­тов­ка се­на
5.
Жал­ға бе­ру
Сда­ча в арен­ду
6.
Де­ма­лу
От­дых
9.
Өзге де
Про­чее
20. Сіз­дің үй ша­ру­а­шы­лы­ғы­ңыз­ға бе­рі­л­ген бар­лық жер
учас­ке­ле­рі­нің жал­пы ауда­нын ай­ты­ңыз, ар (сот­тық)
На­зо­ви­те, по­жа­луй­ста, об­щую пло­щадь всех зе­мель­ных участ­ков,
вы­де­лен­ных Ва­ше­му до­мо­хо­зяй­ству, ар (со­ток)

21 21. Сіз (Сіздің үй шаруашылығыңыз) құс, мал немесе бал арасын ұстайсыз ба?

Содержите ли Вы (Ваше домохозяйство) птицу, скот или пчел?
Иә 22 сұрақ Жоқ 23 сұрақ
Да         вопрос 22               Нет        вопрос 23
22.
Қан­ша құс, мал неме­се бал ара­ла­рын ұстай­сыз?
Ка­кое ко­ли­че­ство пти­цы, ско­та или пчел Вы со­дер­жи­те?
Са­ны
Ко­ли­че­ство
1.
Сиыр­лар
Ко­ро­вы
2.
Бас­қа да ірі қа­ра мал (жұ­мысқа же­гі­ле­т­ін­де­рін­сіз) жас төл­дер­ді қо­сқан­да
Дру­гой круп­ный ро­га­тый скот (без ра­бо­чих), вклю­чая мо­лод­няк
3.
Шош­қа­лар, то­рай­лар
Сви­ньи, по­ро­ся­та
4.
Қой­лар және еш­кі­лер
Ов­цы и ко­зы
5.
Жыл­қы­лар (жұ­мысқа же­гі­ле­т­ін­де­рін­сіз)
Ло­ша­ди (без ра­бо­чих)
6.
Түй­е­лер
Вер­блю­ды
7.
Қо­ян­дар
Кро­ли­ки
8.
Құ­стар
Пти­ца
9.
Бал ара­ла­ры (ұя­лы­сы)
Пче­лы (се­мьи)

23 23. Сізде қанша шаруашылығы техникалары, машиналар мен жұмыс малдары бар?

Какое количество сельскохозяйственной техники, машин и рабочего скота Вы имеете?
Иә - 1
Да - 1
Қан­ша бір­лік?
Сколь­ко еди­ниц?
Жоқ - 2
Нет - 2
1.
Жыл­қы­лар (жұ­мысқа же­гі­ле­тін)
Ло­ша­ди (ра­бо­чие)
2.
Есек­тер, қа­шыр
Ослы, му­лы
3.
Ар­ба­лар (ша­на­лар)
Те­ле­га (са­ни)
4.
Су сор­ғы
Во­дя­ной на­сос
5.
Кү­ш­тік қон­дыр­ғы
Си­ло­вая уста­нов­ка
6.
Трак­тор
7.
Мо­то­блок
8.
Кі­ші трак­тор
Ми­ни-трак­тор
9.
Жүк ма­ши­на­сы
Гру­зо­вик
10.
Пі­шен шап­қыш
Се­но­ко­сил­ки
11.
Ком­байн
12.
Дән­сеп­кіш
Се­ял­ка
99.
Өзге­ле­рі
Про­чее

40 «Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру бойынша нұсқаулық (коды 1265104, индексі D-006, кезеңділігі жылдық)

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушының
2013 жылғы 30 шілдедегі
№ 169 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушының
2010 жылғы 24 тамыздағы
№ 228 бұйрығына
8-қосымша
«Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру бойынша нұсқаулық (коды 1265104, индексі D-006, кезеңділігі жылдық)

1

1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама» (коды 1265104, индексі D-006, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының толтырылуын нақтылайды.

2 2. Осы статистикалық байқау үй шаруашылықтарының тұрғын үй жағдайы туралы, ұзақ тұтынылатын заттармен қамтамасыз етілуі туралы, қолда бар жер, мал және техника туралы деректерді алуға арналған.

Байқауға тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеуге қатысатын барлық үй шаруашылықтары жатады. Негізгі сұхбатқа арналған сұрақнаманы жылдың аяғында (желтоқсанда) пікіртерім жүргізуге уәкілеттігі бар тұлға (бұдан әрі - интервьюер) жүргізеді.
Статистикалық нысанның респонденті үй шаруашылығының иесі болады.
Үй шаруашылығының иесі ретінде еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамтылған (әйелдер үшін 18-58 жастағы, ерлер үшін 18-63 жастағы) үй шаруашылығының мүшесі болады. Үй шаруашылығында еңбекке қабілетті жастағы жұмысы бар тұлғалар жоқ болған жағдайда (зейнеткерлердің немесе құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және тағы басқа бар үй шаруашылықтары) үй шаруашылығының иесін қандай да бір табыс түрін иеленетін үй шаруашылығының мүшелері өз бетімен анықтайды.

3

3. Титулдық парақта «Аумақтың атауы» тармағында облыстың (қаланың), ауданның (қаланың) және ауылдық елді мекеннің атауы көрсетіледі. 2-тармақтан бастап 5-тармаққа дейін супервайзерлер (интервьюер жұмысына бақылауды қамтамасыз ететін статистика департаментінің қызметкері) интервьюерлерге ұсынған зерттелетін үй шаруашылықтарының тізімдерінде көрсетілген деректемеге сәйкес толтырады.

4 4. 1-бөлімде үй шаруашылықтарының негізгі тұрғын үйінде тұрмыс жағдайларын сипаттайтын сұрақтар көрсетілген.

1-сұрақта жауаптың зерттелетін үй шаруашылығы тұрып жатқан тұрғын үйдің түріне сәйкес нұсқасы таңдалып белгіленеді. Тұрғын үй түрін жеке өз үйі, сондай-ақ жалдамалы үй бойынша, тіпті пәтердің бір бөлмесін ғана немесе бөлек үйдің бір бөлігін жалдап отырған жағдайдың өзінде белгіленеді.
2-сұрақта жауаптың бір нұсқасы таңдалып белгіленеді. Жекешелендірілген тұрғын үйге үй шаруашылығының жеке меншігіндегі тұрғын үй жатады. Жатақханадағы жекешелендірілген бөлме жекешелендірілген пәтерге жатады. Сыйға алынған, мұрагерлікке және сатып алынған тұрғын үй жеке меншікке жатады.
3-сұрақта тұрғын үйдің жалпы және тұрғын алаңы көрсетіледі. Тұрғын алаңы деп тұрғын бөлмелердің тұруға арналған және пайдаланылатын аумағы саналады. Оған пәтердегі немесе үйдегі тұрғын бөлмелер алаңдарының сомасы кіреді. Тұрғын алаңға пәтер немесе үйдегі ас-үй, дәліз, ванна, дәретхана, қойма және басқа қосымша орын-жайлардың алаңы кірмейді. Тұрғын бөлме де, сондай-ақ ас бөлме болып табылатын бір бөлмеден тұратын тұрғын жайлар бойынша тұрғын алаңы қойылады. Жалпы (пайдалы) алаңға тұрғын алаңы сияқты сонымен қатар асүй, дәліз, ванна, дәретхана, қойма және басқа қосымша орын-жайлардың алаңы кіреді. Алаң көлемі бүтін сандармен шаршы метрде жазылады.
4-сұрақта тұрғын бөлменің саны қойылады.
5-сұрақта пәтерде (үйде) тұрып жатқан толық жыл саны қойылады. Егер үй шаруашылығы онда 5 жыл және 11 ай тұрып жатса, онда 5, егер 1 жылдан аз болса - 1 қойылады.
6-сұрақта тұрғын үйдің салынған жылы көрсетіледі.
7-сұрақта интервьюер барлық қызмет түрлері бойынша жауаптарды белгілейді. Егер бірнеше қожайын ортақ санузел, себізгі және асүйі бар бұрынғы жатақханадағы жекешелендірілген бөлмеде тұрып жатқан үй шаруашылығы зерттеліп жатса, онда осы үй шаруашылығында осы жабдықтардың барлығы бар деп саналады және 1 коды бар жауап белгіленеді. Егер үй шаруашылығында қандай да бір себеппен (төлем бойынша қарыздар және тағы басқалары) абаттандырудың белгілі бір түрлері уақытша жұмыс істемесе, олардың бары міндетті түрде көрсетіледі.
Орталықтан жылыту жылуэлектростанциясы немесе қазандықтардың көмегімен жүзеге асады. Егер орталықтан жылу ұзақ кезеңде жұмыс істемей тұрса, онда абаттандырудың бұл түрі есептен шығару актісі рәсімделгенше көрсетіледі. Егер жылыту ғимарат немесе тұрғын үйдің  ішінде қарастырылған құрылғының көмегімен немесе энергия көздеріне қарамастан жылыту мақсатына арналған болса, онда ол жеке орнатылған жылытуға жатады. Оларға бөлек үйлерде немесе тұрғын үй кешендерінде орналастырылған автономды жылыту жүйесі және көмір және отынмен жылытатын пештер жатады. Жылытқыштар мен ауа баптағыштар (сплит-жүйе) мұнда қосылмайды. Бағдарламаларды қабылдау теле-радиохабарлардың құралдарына үй және спутникті антенна, радиоқабылдағыштар және қабылдау-беру құралдары жатады.
8-сұрақта жабдықтаудың соңғы іркілістері байқалған 30 күн ішінде (негізгі интервью жүргізу күнінің алдындағы) негізгі қызмет түрлерінің тізімі келтірілген. Егер тәулік ішінде әр кезде орын алған бірнеше сағатқа созылған тоқтаулар болса (желіде апат немесе жоспарлы алдын алуға байланысты), онда іркіліс болды деп есептелмейді. Егер сөндірулер тәулікте бірнеше сағат ішінде ауық-ауық мерзімді немесе тұрақты жүргізілсе, онда іркілістер тіркеледі. «Газбен жабдықтау» 5-тармақ бойынша 7-сұрақтың «Желілік газды» 8-тармағын белгілеген үй шаруашылықтары жауап береді.
9-сұрақта көрсетілген тұрғын үй қызметтерінің сапасына қатысты үй шаруашылығының субъективті бағалауы көрсетіледі. «Газ беру» 6-тармақ бойынша 7-сұрақтың «Желілік газды» 8-тармағын белгілеген үй шаруашылықтары жауап береді.
10 және 10.1-сұрақтарға пәтерінде (үйінде) су құбыры жоқ үй шаруашылықтары ғана жауап береді. Жауаптар нұсқаларында сумен жабдықтау көзін және оның орналасқан ара қашықтығы көрсетіледі. Егер үй шаруашылығына ауыз суды су тасығыш жеткізіп беретін болса, 10.1-сұрақ қойылмайды.
11-сұрақта жауаптың екі нұсқасын көрсетуге болады, өйткені үй шаруашылығы үйінде де, сондай-ақ қоғамдық моншалар мен сауналарда да жуынуы мүмкін. Сондай-ақ, үй шаруашылығының өз үйінде сияқты бұл жайландырудың әртүрлі түрлері болады. «Басқа» 5-кодқа 1-4 жауаптардың тізімінде келтірілмеген барлық жағдайлар жатады.
12-сұрақта жауаптың бір нұсқасы көрсетіледі. Егер үй шаруашылығында қоғамдық пайдаланудың бірнеше орындарын қолданған жағдайда, жауап ретінде неғұрлым абаттандырылған түрі туралы мәліметті көрсетеді. «Басқа» 9-коды бар жауап 1-3 жауаптар тізімінде жіктелмеген жағдайларға қарастырылған.
12.1 және 12.2-сұрақтарда жауаптың бір нұсқасы таңдалып, белгіленеді.
13-сұрақта жауаптың бірнеше нұсқасы таңдалады. Егер жаяу жүріп жететін қолжетімділікте дүкен де және базар да бар болса, онда ең жақынын көрсетеді. Егер бір үй шаруашылығында балалар бірнеше мектепке баратын болса, онда ең жақыны көрсетіледі.
13.1-сұрақта жауаптың бірнеше нұсқасы таңдалады. Егер респондент базарға бару үшін ең алдымен поезд немесе электр поезының аялдамасына дейін автобуспен жетіп алып, содан соң сол екі көліктің бірімен жетсе, солардың барлығына кеткен жалпы уақыт көрсетіледі.
14-сұрақта «иә» деп жауап берген жағдайда, 14.1 және 14.2-сұрақтар қойылады.
14.2-сұрақтағы «басқа» 9-кодына тұрғын үйдің (негізгіден басқа) ақысыз негізде туыстармен және достармен уақытша қолданылуы немесе басқа да жоғарыда сұрыпталмаған жағдайлар жатады.
«Жоқ» деп жауап берген жағдайда 14.3-сұрақ қойылады.
14.3-сұрақ жеке (жекешелендірілген) тұрғын үйі бар және осы бөлімнің 2-сұрағының «1»-кодын таңдаған үй шаруашылықтарына қойылады. Мұнда ол жеке үйін жалға алған жағдайда бір айда төлей алатын ақшалай сомасына үй шаруашылығының субъективті бағалауы беріледі.
14.4-сұрақта үй шаруашылығының өз тұрғын үйін сата алатын сомасы көрсетіледі. Бұл сұраққа осы бөлімнің 2-сұрағының 1-кодын белгілеген үй шаруашылықтары тұрмыс-жағдайын талдау мақсатында жауап береді.
15-сұрақта үй шаруашылығында бар, сатып алынғанына, үй шаруашылығы мүшелермен жасалынғанына, сыйға (тегін) немесе несиеге алынғанына, сондай-ақ үй шаруашылығына тиесілі басқа пәтерде немесе саяжай үйлерінде болғанына қарамастан барлық ұзақ пайдаланылатын заттар көрсетіледі. Жарамды немесе уақытша жарамсыз (жөндеуде жатқан немесе жөндеу қажет ететін) екендігіне қарамастан барлық ұзақ тұтынылатын заттар көрсетіледі. Үй шаруашылығы жөндеуге ниет танытпайтын тауарлар есепке алынбайды. Егер ұзақ тұтынылатын тауар туыстарына немесе таныстарының біреуіне уақытша тұтынуға, жалға берілсе, онда олардың бар екендігі міндетті түрде есепке алынады.
15-жол бойынша ойын қондырғылары (портативтіні қоспағанда) дегеніміз видео ойындар үшін арнайы жасап шығарылғын электронды құрылғы. Ең жиі қолданылатын көрсету құрылғысы ретінде теледидар, өте сирек компьютер мониторы болып табылады, оларды жеке көрініс құрылғыларына орнатылуы себепті қондырғылар деп атайды.
Бірнеше қызметтерді атқаратын ұзақ пайдаланылатын зат, мысалы, газ және электр плитасы бар болған жағдайда жауаптардың екі нұсқасы да белгіленеді. Тиісінше, жалпы бағалау құны екіге бөлінуі қажет.
30-жол бойынша қалта компьютері (палмтоп) деп электронды органайзер ретінде пайдалануға арналған портативті электронды есептеу құралын айтамыз. Қалта компьютерінен телефон қоңырауларын шалу мүмкін емес, себебі ол ұтқыр телефон емес.
34-жолда «ұтқыр телефон» бойынша қалта компьютерлерінің түрлерін көрсететін, бірақ ұтқыр телефонның қызметтері бар смартфондар мен коммуникаторларды қоса есептегенде телефондардың барлық түрлері саналады.
Жиһаздар жинағына жиһаздық гарнитуралар, сондай-ақ жұмсақ бұрыштама жиһаздар, жатын, ас-үй бөлмелерінің тұрғын үй жиһаздары (қабырға, төбе) жинағы. Егер үй шаруашылығында шағын автобус болса, онда олар 40-жол бойынша «жеңіл автомобильге» көрсетіледі.
Заттарды пайдалану мерзімі жылдың соңындағы жағдайына байланысты анықталады. Егер үй шаруашылығы бұрын пайдаланылған затты сатып алса, онда олардың қызмет көрсету мерзімі оның бірінші сатып алған немесе оның өндірілген жылынан бастап есепке алынады. Егер заттың пайдалану мерзімі 1 жылдан кем болса, онда «0»  қойылады.
Бірнеше ұзақ тұтынылатын заттар бар болған жағдайда, олардың ең жаңаларының ағымдағы бағалау құны ұсынылады.

5 5. 2-бөлімде нақты бар жер, мал және техникалар туралы ақпарат көрсетіледі.

Үй шаруашылығының жерге қол жетімділігі туралы 16-сұрақ зерттелетін үй шаруашылықтарының барлығына қойылады. Егер үй шаруашылығының жеке жер телімі жоқ, бірақ оны жалға алатын болса, онда олардың жерге қол жетімділігі бар деп саналады. Жерге қол жетімділігі жоқ үй шаруашылықтарына 21-сұрақ қойылады.
16, 17-сұрақтарға оң жауап берген үй шаруашылықтары жауап береді. Мұнда жер телімінің тиісті саны көрсетіледі.
18 және 19-сұрақтарда егер үй шаруашылығында бірнеше жер учаскелері болса, онда олардың әрбірі жөніндегі ақпараттың тізбектілігін үй шаруашылығының өзі анықтайды. Алдымен, үй шаруашылығының пікірі бойынша бірінші учаске, сосын екінші және басқа учаскелер бойынша деректер көрсетіледі.
18-сұрақта «өзге» 9-кодына үй шаруашылығының туыстарынан, көршілерінен немесе достарынан ақысыз негізде уақытша қолдануға алған учаскесі немесе басқа да жоғарыда сұрыпталмаған жағдайлар жатқызылуы мүмкін.
19-сұрақта «өзге» 9-кодына үй шаруашылығының туыстарына, көршілеріне немесе достарына ақысыз негізде уақытша қолдануға берген учаскесін  немесе басқа да жоғарыда сұрыпталмаған жағдайларды жатқызуға болады.
20-сұрақта барлық қолда бар учаскелердің жалпы ауданы соттықта және бүтін сандармен ұсынылады.
21-сұрақта жауаптың бір нұсқасы таңдалып алынады және белгіленеді.
22-сұраққа осы бөлімнің 21-сұрақтың «1»-кодын белгілеген үй шаруашылықтары жауап береді. Жауаптың бірнеше нұсқасы белгіленеді. Мұнда үй шаруашылығына тиісті мал басының саны бойынша деректер көрсетіледі. Шеттен өсіруге немесе бағуға алынған мал есепке алынбайды. Егер малды бірлесіп иеленген жағдайда, одан зерттелетін үй шаруашылығына тиесілі бөлігіне (үлесіне) қатысты деректер  көрсетіледі. Мұнда жұмысқа жегілетін мал есепке алынбайды.
23-сұрақта үй шаруашылығына тиесілі немесе басқа үй шаруашылығымен бірлескен иеліктегі және жалға алынған қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары, машиналары және жұмысқа жегілетін малдар көрсетіледі. Жауаптың бірнеше нұсқасы белгіленеді.

6

6. Пікіртерімді бітірген соң интервьюер қандай да бір сұрақтар қалып кетпегендігіне көз жеткізу үшін  сауалнаманы тағы да бір рет қарап шығады және респонденттерге ынтымақтастығы және көмектескендері үшін міндетті түрде алғыс айтады. Интервьюер үй шаруашылығынан тыс жерде нысанды қайта қарап шығады және егер қандай да бір сәйкессіздік тапса, онда қайта үй шаруашылығына барып (жеке немесе телефонмен), жеткіліксіз ақпаратты анықтайды.

Қолданыстағы