О внесении изменений в решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 24 июня 2010 года № 24-6 «О ставках земельного налога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 24 июня 2010 года № 24-6 «О ставках земельного налога»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының «Жер салығының ставкалары туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34-13
- Қабылданған күні
- 06.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2018 89373_334620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SD003245
- ЭКБ идентификаторы
- 89373
- Редакция идентификаторы
- 89373_334620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:36
0 Солтүстік Қазақстан облысының
Ақжар аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6
«Жер салығының ставкалары туралы»
шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 - бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 - бабы 3 - тармағының 107) - тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 «Жер салығының ставкалары туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 тамызда № 13-4-105 тіркелген және «Дала дидары» газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 және «Ақжар-хабар» газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодексінің 387 - бабы 1, 1-1 - тармағына және 444 - бабы 1 - тармағына сәйкес (Салық кодексі) Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1 - тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
1
«1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3 3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444 - баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.».
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістері
Комитетінің Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің Акжар
ауданы бойынша мемлекеттік кірістері
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________Ж.Батыргужинов
2015 жылғы _6 сәуірдегі__