Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 24 сентября 2010 года № 33/339-IV "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Южно-Казахстаснкой области"

Өзге акт · № 13/152-VI · қабылданған 27.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2010-no-33339-iv/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 24 сентября 2010 года № 33/339-IV "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Южно-Казахстаснкой области" Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/152-VI ·27.06.2017
21.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 24 сентября 2010 года № 33/339-IV "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Южно-Казахстаснкой области"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 13/152-VI · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 24 сентября 2010 года № 33/339-IV "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по Южно-Казахстаснкой области"
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 33/339-IV "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/152-VI
Қабылданған күні
27.06.2017
Көрсетілген редакция
21.06.2018 113581_336782.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17U0004156
ЭКБ идентификаторы
113581
Редакция идентификаторы
113581_336782
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:40

0 Оңтүстік Қазақстан облыстық

мәслихатының 2010 жылғы
24 қыркүйектегі № 33/339-IV
«Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша қоршаған ортаға эмиссия
үшін төлемақы ставкалары туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 495-бабының 9-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі №33/339-IV «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2039 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қарашада «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан тек қана осындай келісім шеңберіндегі объектілер бойынша субъектілерді қоспағанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
шешімнің атауында, қосымшаның атауында, қосымшаның 1-тармағында және оның кестесінің 3- және 4-бағаналарында, қосымшаның 2-тармағында және оның кестесінің 3-бағанында, қосымшаның 3-тармағында және оның кестесінің 3-бағанында, қосымшаның 4-тармағында, қосымшаның 5-тармағында және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында «ставкалары», «ставка», «ставкаларына», «ставкасына» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемелері», «мөлшерлеме», «мөлшерлемелеріне», «мөлшерлемесіне» деген сөздерге ауыстырылсын;
қосымшаның 2-тармағындағы кестесінің 3-жолы 2-бағанасында «сығымдалған» деген сөз «сығылған» деген сөзге ауыстырылсын;
қосымшаның 3-тармағындағы кестесінің 1-жолы 2-бағанасында «нитраттар» деген сөз «нитриттар» деген сөзге ауыстырылсын;
4-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с

Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабеккерель (Гбк) үшін
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)
0,38
1.2.
Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:
1.2.1.
"қызыл" тізім
14
1.2.2.
"жақұт" тізім
8
1.2.3.
"жасыл" тізім
2
1.2.4.
Сыныпталмағандар
0,9
1.3.
Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:
1.3.1.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):
1.3.1.1.
аршынды жыныстар
0,004
1.3.1.2.
жанас таужыныстары
0,026
1.3.1.3.
байыту қалдықтары
0,02
1.3.1.4.
шлактар, шламдар
0,038
1.3.2.
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар
0,038
1.3.3.
күл мен күлшлактар
0,66
1.3.4.
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,002
2.
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):
2.1.
Трансуранды
0,76
2.2.
Альфа-радиоактивті
0,38
2.3.
Бета-радиоактивті
0,04
2.4.
Шынақты радиоактивті көздер
0,38
»
қосымшаның 5-тармағы 1) тармақшасының 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05 коэффициенті;».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы