О внесении изменений в решение Кордайского районного маслихата от 24 декабря 2010 года № 34-9 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Кордайскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кордайского районного маслихата от 24 декабря 2010 года № 34-9 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Кордайскому району"
- Атауы (қаз.)
- "Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45-6
- Қабылданған күні
- 20.12.2011
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2013 AI62451_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11GE000134
- ЭКБ идентификаторы
- 62451
- Редакция идентификаторы
- AI62451_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:44
0 "Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 34-9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-5-120 болып тіркелген, 2011 жылдың 26 қаңтарында № 27 «Қордай шамшырағы» - «Кордайский маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің:
1 - бөлімінде:
2 - тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган – «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
4 - тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлеміне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының коммуналдық қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.»;
2 - бөлімінде:
7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асыра алмайды.»;
8 – тармақ алынып тасталсын;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«электр қуатын тұтыну нормасы (бір айда) - отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;».