О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2010 года № 351
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2010 года № 351
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 926
- Қабылданған күні
- 10.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI54406_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000926_
- ЭКБ идентификаторы
- 54406
- Редакция идентификаторы
- AI54406_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:23
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды» (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы және 1-тармақ «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:
тақырыбы, 1-тармақ және 2-бөлімнің тақырыбы «көрсету» деген сөзден кейін «және олардың (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14 және 15-тармақтармен толықтырылсын:
«14. Осы Ереженің 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында, көрсетілген функцияларды орындайтын ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
1) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеменің және оның филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
2) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін мемлекеттік мекеме филиалдарының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдер мен арнайы қорғаныс құралдарын сатып алуға;
3) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру және ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін дезинфекциялық заттар, арнайы ветеринариялық құралдар, материалдар сатып алуға;
4) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.
15. Осы Ереженің 2-тармағының 1), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген функцияларды орындайтын ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражат:
1) мемлекеттік мекеменің және оның филиалының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
3) ақылы қызмет түрлерін көрсету үшін тартылған штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге;
4) мемлекеттік мекеме мен оның филиалы мамандарының біліктілігін арттыруға;
5) аккредиттеуге (оның ішінде халықаралық), қайта аккредиттеуге және мемлекеттік мекеменің аккредиттеу саласын кеңейту мен аккредиттеуді, қайта аккредиттеуді және аккредиттеу саласын кеңейтуді консалтингтік қамтамасыз етуге;
6) ақылы қызмет түрлерін көрсетуге байланысты іссапар шығыстарына;
7) ветеринария саласындағы конференцияларға, семинарларға, оқыту тренингтеріне, көрмелерге, экскурсияларға, тұсаукесерлерге қатысуға және оларды өткізуге жұмсалады.».