Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Байзакского района от 24 декабря 2010 года № 36-13 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по Байзакскому району"

Ереже · № 47-10 · қабылданған 20.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2010-no-36-13/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Байзакского района от 24 декабря 2010 года № 36-13 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по Байзакскому району" Күшін жойған Ереже ·№ 47-10 ·20.12.2011
27.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Байзакского района от 24 декабря 2010 года № 36-13 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по Байзакскому району"

Күшін жойған Ереже ·№ 47-10 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Байзакского района от 24 декабря 2010 года № 36-13 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малоообеспеченным семьям (гражданам) по Байзакскому району"
Атауы (қаз.)
"Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Байзақ ауданы мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
47-10
Қабылданған күні
20.12.2011
Қолданысқа енгізілген күні
12.01.2012
Көрсетілген редакция
27.06.2012 AI62236_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11GB000134
ЭКБ идентификаторы
62236
Редакция идентификаторы
AI62236_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:45

0 "Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Байзақ ауданы мәслихатының

2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 - бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағыЗаңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. «Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Байзақ ауданы мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-2-125 болып тіркелген, 2011 жылдың 29 қаңтарда № 12-13 «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiнің:
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті органмен – «Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4.Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асыра алмайды.»;
8 тармағы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ ауданы мәслихатының экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Есенқұловқа) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі.

Қолданыстағы