Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 февраля 2011 года № 89 "Об утверждении Инструкции по перевозке опасных грузов на гражданских воздушных судах"

Бұйрық · № 801 · қабылданған 24.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2011-no-89/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 февраля 2011 года № 89 "Об утверждении Инструкции по перевозке опасных грузов на гражданских воздушных судах" Күшін жойған Бұйрық ·№ 801 ·24.07.2015
21.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 февраля 2011 года № 89 "Об утверждении Инструкции по перевозке опасных грузов на гражданских воздушных судах"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 801 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 24 февраля 2011 года № 89 "Об утверждении Инструкции по перевозке опасных грузов на гражданских воздушных судах"
Атауы (қаз.)
"Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
801
Қабылданған күні
24.07.2015
Көрсетілген редакция
21.06.2017 93458_209592.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011967
ЭКБ идентификаторы
93458
Редакция идентификаторы
93458_209592
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:58

0 «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті

жүктерді тасымалдау жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2011 жылғы 24 ақпандағы № 89
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6822 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 мамырдағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, 2011 жылғы 29 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, 2011 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген пайдаланушы, жүкжіберуші (жүкжөнелтуші) және басқа да адамдарды қамтитын және қауiптi жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға, сараптауға, топтастыруға және буып-түюге қатысатын персонал Техникалық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес азаматтық авиация ұйымдары әзірлейтін арнайы бағдарламалар бойынша бастауыш және кезең-кезеңмен дайындық түрлерінен өтуі тиіс.
Техникалық нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпті жүктерді әуе кемелерімен тасымалдауға қатысатын пайдаланушы мамандарды қамтитын және ұшу экипажының мүшелері, сертификатталған авиациялық оқу орындарында (орталықтарында) арнайы бағдарламалар бойынша бастауыш және кезең-кезеңмен дайындық түрлерінен өтуі тиіс.
Бағдарламалар Техникалық нұсқаулықтар талаптарына сәйкес әзірленеді және жаңартылады.».
Нұсқаулықтың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Дайындықтан өткен персоналда тиісті сертификат (куәлік) болуы қажет. Сертификаттың (куәліктің) жарамдылық мерзімі 2 жылды құрайды.
Персоналды даярлау туралы мәлімет соңғы дайындықтан өтудің аяқталу күнінен бастап 3 жыл ішінде сақталады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оның сұратуы бойынша беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы