О внесении изменений в постановление акимата Талгарского района от 24 апреля 2012 года N 04-388 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Талгарском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Талгарского района от 24 апреля 2012 года N 04-388 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Талгарском районе"
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 04-388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 04-199
- Қабылданған күні
- 16.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2016 72773_325478.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13D0002359
- ЭКБ идентификаторы
- 72773
- Редакция идентификаторы
- 72773_325478
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:16
0 Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы" N 04-388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 04-388 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімде 2012 жылдың 28 мамырында N 2-18-147 болып тіркелген, аудандық "Талғар" газетінде 2012 жылдың 9 маусымында 23 нөмірінде жарияланған ) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Талғар ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"
аталған қаулының 1-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Меншік түріне қарамастан Талғар ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай- ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде квота белгіленсін."