О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 242 «Об утверждении Правил установления официального курса национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 242 «Об утверждении Правил установления официального курса национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 71
- Қабылданған күні
- 27.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2018 122103_327352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016914
- ЭКБ идентификаторы
- 122103
- Редакция идентификаторы
- 122103_327352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:40
0 «Қазақстан Республикасы ұлттық
валютасының шетел валюталарына
ресми бағамын белгілеу қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы № 242
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, 2012 жылы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларында:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесі;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидаларға қосымшаға сәйкес шетел валюталарына Ұлттық Банк белгілейтін бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі), 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.».
2 2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;