Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан»

Қаулы · № 85 · қабылданған 30.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2012-no-261-ekb-144658/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 85 ·30.06.2020
30.06.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 85 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
85
Қабылданған күні
30.06.2020
Көрсетілген редакция
30.06.2020 144658_471478.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020945
ЭКБ идентификаторы
144658
Редакция идентификаторы
144658_471478
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:47

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін

лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы

24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген, 2012 жылғы
6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Агенттіктер – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі («Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы
12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен таратылды), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен құрылды);»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) талаптар – Ұлттық Банк әзірлеген, Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер адамдарға Ұлттық Банк бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, Ұлттық Банк қызметшілерінің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс мыналар орналасады:
1) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ауысу арқылы талаптарға сәйкес келетін Ұлттық Банк қызметкерлері;
2) кадр резервінде тұрған адамдар;
3) жоғары біліктілік деңгейі және кәсіби дайындығы бар адамдар:
шет тілін білетін (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан
6-дан төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);
және (немесе) ғылыми дәрежесі бар;
және (немесе) шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған;
және (немесе) халықаралық бухгалтерлік (CMA, CPA, CIPA, CAP, ACCA, IAB) немесе қаржылық (CFM, CFA, IFA, CIMA) сертификаттары, ақпараттық технологиялар (CISA, CISM) және ішкі аудит (CIA, CCSA, CRMA, CGAP, CFSA) саласында халықаралық сертификаттары, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ACAMS) саласындағы халықаралық сертификаты бар;
және (немесе) Ұлттық Банктің ұйымдарында және еншілес ұйымдарында, ұлттық басқарушы холдингте, даму институттарында, қаржы ұйымдарында, заңгерлік фирмаларда (компанияларда) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
және (немесе) мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде
1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
және (немесе) IT саласында (жүйе талдаушылары мен архитекторлар), құрылыс саласында (құрылысшы-инженерлер), бұқаралық ақпарат құралдары саласында (журналистер, PR мамандары), химиялық-талдамалық сараптама саласында (металлургтер, химиктер, физиктер) лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
4) бұрын Ұлттық Банкте немесе оның ведомствосында не Агенттіктерде кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар (еңбек шарты теріс жағдайлар бойынша бұзылған адамдарды қоспағанда);
5) «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасының түлектері немесе Ұлттық Банктің және «Нархоз университеті» АҚ-тың арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген білім беру бағдарламалары шеңберінде білім алған «Нархоз университеті» АҚ магистратурасының немесе Ұлттық Банк магистратурасының түлектері;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған, талаптарға сәйкес келетін адамдар.».

2 2. Адам капиталын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы