О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 21.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2020 150307_502725.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021878
- ЭКБ идентификаторы
- 150307
- Редакция идентификаторы
- 150307_502725
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:55
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін
лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс мына адамдар:
1) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ауысу арқылы Ұлттық Банк қызметкерлері;
2) кадр резервінде тұрған адамдар;
3) жоғары біліктілік деңгейі және кәсіби дайындығы бар адамдар:
шет тілін білетін адамдар (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дын 6-нан төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);
және (немесе) ғылыми дәрежесі бар;
және (немесе) шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған;
және (немесе) халықаралық бухгалтерлік (CMA, CPA, CIPA, CAP, ACCA, IAB) немесе қаржылық (CFM, CFA, IFA, CIMA) сертификаттары, ақпараттық технологиялар (CISA, CISM) және ішкі аудит саласында (CIA, CCSA, CRMA, CGAP, CFSA) халықаралық сертификаттары, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы (ACAMS) халықаралық сертификаты бар;
және (немесе) Ұлттық Банктің ұйымдарында және еншілес ұйымдарында, ұлттық басқарушы холдингте, оның еншілес ұйымдарында, даму институттарында, қаржы ұйымдарында, заңгерлік фирмаларда (компанияларда), құқық қорғау органдарында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
және (немесе) мемлекеттік органдарда кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
және (немесе) IT және киберқауіпсіздік саласында (жүйе талдаушылары, архитекторлар), құрылыс саласында (құрылысшы-инженерлер), бұқаралық ақпарат құралдары саласында (журналистер, PR мамандары), химиялық-талдамалық сараптама саласында (металлургтер, химиктер, физиктер) лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
4) бұрын Ұлттық Банкте немесе оның ведомствосында, не Агенттіктерде кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар (еңбек шарты теріс салдар бойынша бұзылған адамдарды қоспағанда);
5) «Назарбаев Университеті» ДБҰ магистратурасының немесе Ұлттық Банк пен «Нархоз университеті» АҚ-тың арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген білім беру бағдарламалары шеңберінде білім алған «Нархоз университеті» АҚ магистратурасының түлектері, немесе Ұлттық Банк магистратурасының түлектері;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған;
7) Ұлттық Банк Төрағасының шешімі бойынша Ұлттық Банкке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін тартылған өзге адамдар орналасады.».