О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 261 «Об утверждении Правил назначения на должность и прекращения трудового договора со служащими Национального Банка Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 25.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2021 158325_538047.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024225
- ЭКБ идентификаторы
- 158325
- Редакция идентификаторы
- 158325_538047
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:04
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 74) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына:
1) конкурстан тыс;
2) конкурс арқылы орналасады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін және тұрғылықты жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген нысан бойынша декларацияны және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мәліметтерді тапсырған соң жүзеге асырылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кадр қызметіне қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық-цифрлық нысанда мына құжаттарды:
1) фотосуреті бар түйіндемені (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білімі, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнаманы;
4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Шет мемлекеттерді және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған кезде білімі жөніндегі құжатты Қазақстан Республикасының аумағында тану туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі;
5) нотариат куәландырған немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде ақпарат болмаған кезде);
6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.».
2 2. Адам капиталын дамыту департаменті (Ш.Т. Тоқбергенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі