О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 24 сентября 2012 года № 261/9 "Об утверждении мест расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 24 сентября 2012 года № 261/9 "Об утверждении мест расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159/5
- Қабылданған күні
- 11.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2021 80068_508885.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0003815
- ЭКБ идентификаторы
- 80068
- Редакция идентификаторы
- 80068_508885
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:43
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі Қаулы етеді:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй жайларды орналастыру орындарын бекіту туралы" № 261/9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелген, 2012 жылғы 13 қазандағы № 118 "Звезда Прииртышья", 2012 жылғы 13 қазандағы № 118 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласындағы "4-тармақшасына" саны мен сөзі "7) тармақшасына" санымен және сөзімен ауыстырылсын.
2 2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.