Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 272 «Об утверждении Правил автоматизации ведения бухгалтерского учета»

Қаулы · № 123 · қабылданған 18.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/24-2012-no-272/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 272 «Об утверждении Правил автоматизации ведения бухгалтерского учета» Күшін жойған Қаулы ·№ 123 ·18.06.2015
27.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 272 «Об утверждении Правил автоматизации ведения бухгалтерского учета»

Күшін жойған Қаулы ·№ 123 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 272 «Об утверждении Правил автоматизации ведения бухгалтерского учета»
Атауы (қаз.)
«Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
123
Қабылданған күні
18.06.2015
Көрсетілген редакция
27.03.2017 92053_183317.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011700
ЭКБ идентификаторы
92053
Редакция идентификаторы
92053_183317
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:33

0 «Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру тәртібі қолданылатын субъектілерді нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 818-823 (27894) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.».

2 2. Уәкілетті ұйымдар 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3 3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы