О внесении изменений в постановление акимата Лебяжинского района от 24 сентября 2012 года № 282/31 "О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Лебяжинского района от 24 сентября 2012 года № 282/31 "О квотировании рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
- Атауы (қаз.)
- Лебяжі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелет жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" № 282/31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 380/44
- Қабылданған күні
- 21.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2013 70150_180343.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PI003339
- ЭКБ идентификаторы
- 70150
- Редакция идентификаторы
- 70150_180343
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:18
0
Лебяжі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелет жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" № 282/31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5–5) және 5–6)-тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернат ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға және қабылдауға жәрдемдесу мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернат ұйымдарының кәмелет жасқа толмаған түлектері үшін жұмыс орындарын квоталау туралы" № 282/31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3235 тіркелген, 2012 жылғы 25 қазанда аудандық "Аққу үні" газетінің № 43 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерге:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарға арналған жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.".